Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Қыс қамсыздықты кешірмейді

Нарбол Қашаған, "Талас тынысы"

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Талас және Сарысу аудандары бойынша отын энергетика кешені, тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылық және бюджеттік сала нысандарының 2016-2017 жыл­дардағы жылыту маусымына дайындық барысын пысықтауға арналған көшпелі штаб отырысы өтті.


Облыс әкімінің бі­рін­ші орынбасары Бекбо­лат Орынбековтың төраға­лы­­ғы­­мен өткен жиында кей­бір білім мекемелері қа­­­­­зандықтарындағы кем­ші­ліктер мен электр же­лілеріндегі олқы­лық­тарды алға тартқан облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Ерік Көшербаев: - Электр желісі мен жылу қа­зандығы арасы тым жа­қын болмауы тиіс. Әрі ғимараттан алшақтау ор­на­ласқаны дұрыс. Осы жағын ескерсеңіздер. Был­­­тыр­ғы Ақкөл ауылы Ы.Ал­тынсарин атындағы орта мектепте орын алған оқиға бәрімізге сабақ болды. Сондықтан, әрбір ісімізге мұқият қарайық,-деді.
Сондай-ақ, басқосу ба­ры­сында Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Ерген Омарбек қысқа дайындық барысы жөнінде баяндады. Ал, Талас ау­да­ны әкі­мінің орын­басары Серік Дадабаев: -Біз бе­кітілген кес­теге сәй­­­кес штаб оты­ры­сын өт­­кіз­дік. Ау­­­дан бойынша меке­ме­лер­ге 4 мың, ал, тұр­­ғын­дарға 6 мың тонна қат­ты отын қажет. Бі­лім меке­мелеріне қатысты газ, кө­мір бойынша мәселені ше­шудеміз. Мысалы, 4 ор­­­та мектеп бойынша 10 млн. 200 мың теңге қаржы бө­­­лін­ді. Тамды ауылы Қой­гел­ді орта мектебі спорт за­­­лы­­н жөндеудің жобалық-сме­та­лық құжаттамасы дайын, - деді.
Жиынды қоры­тынды­ла­ған Бекболат Серікбекұлы коммуналдық қызметке қа­­тысты тұрғындар мен мекеме қарыздарын ше­шуді тапсырып, жылыту маусымына байланысты аудан әкімі жанынан штаб құру қажеттігін жеткізді.
Жиынға Талас ауда­ны­­ның әкімі Болат Рыс­мен­диев қатысып отырды.
Мұнан соң Б.Орынбе­ков қаламыздағы емха­на­­ның құрылысымен та­ны­сып, «Игілік» КМК-ні және аудандық ТЖБ №5 өрт сөндіру мекемелерін аралады.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер