Жастар саясаты-бірінші кезектегі мәселе
- Толығырақ
- Құрылды 17.06.2016 04:38
- Категория: Мақалалар
Мадина Жарас, "Талас тынысы"
Апта ішінде аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Оның жұмысына аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев төрағалық етті.
Жиында алғашқы кезекте «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Нұркен Мырзаевтың ауданда мемлекеттік жастар саясатының 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында жүзеге асырылуы туралы баяндамасы тыңдалды.
- Қазіргі таңда аудан жастарының саны 14817-ге жетіп, аудан халқының 27,6 пайызын құрап отыр. Жұмыспен қамту мекемелеріне жыл басынан бері 136 жас жұмыссыз ретінде тіркеліп, бүгінде олардың 293-і тұрақты жұмыспен қамтылды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында үстіміздегі жылға барлығы 19 маманға сұраныс беріліп, оларға республикалық бюджеттен көтерме жәрдемақы алу үшін 7 млн. 653 мың теңге бөлінді, -деген Н.Мырзаев бұдан соң жастар мәселелеріне қатысты атқарылған жұмыстар толық қамтылғаны жөнінде мәлімдеді.
Есепті баяндаманы мұқият тыңдаған облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Құралбаев «Жол картасы- 2020» бағдарламасы бойынша ауылдық аймақтарға бөлінген қаржы есебінен жастар арасында жұмыссыздықты жою мен тұрғын үй мәселесі төңірегінде атқарылап жатқан жұмыстардың жайын, «Серпін» бағдарламасы аясында қолға алынған жобалар жайын сұрады. Нұркен Мырзаев бұл сұрақтарға нақты көрсеткіштерге сүйене отырып жауап берді.
Кеңес отырысында мұнан соң ауданда жастарды мәдени құндылықтарға тарту мақсатында жүзеге асып жатқан жұмыстар туралы аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы П.Оспановтың, Кеңес ауылдық округінде мемлекеттік жастар саясатының орындалуы туралы осы ауылдың әкімі Б.Дуанбектің, Аққұм ауылдық округінде жастар саясатының жүзеге асуы жайында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аққұм ауылдық округі бойынша аға кеңесшісі А.Жамбайбековтің баяндамасы тыңдалды.
Жастар арасындағы кезек күттірмейтін келелі мәселелер сөз болған жиында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Құралбаев бүгінге дейін толық шешімін таппаған жастар арасындағы жұмыссыздық, қылмыс, діни мәселе, тұрғын үй мәселесіне кеңінен тоқталды. Еліміздің барлық аймақтарында құрылып, жаңа құзыреттілікке ие болған «Жастар ресурстық орталықтарының» жұмысы жайында тарқатып айтты.
Жиналғандар тарапынан берілген ұсыныстар мен сұрақтар назарға алынды.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы