Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Арманға қанат қаққандар

Нарбол Қашаған, "Талас тынысы"

Оқушылар мектептен алған 11 жылдық білімін анықтайтын Ұлттық бірыңғай тестілеу де аяқталды. Үміт пен үрей билейтін сын сағатынан мектеп бітіруші түлектер сүрінбей өтіп, жоғары көрсеткішке қол жеткізді.


Олай дейтініміз, 2015-2016 оқу жылы 24 орта мектепті 333 оқушы тәмәмдап, оның 287-і ҰБТ-ға қатысты. Тес­тілеу қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш 77 бал­ды құрады. «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер 16 оқушының 10-ы білімдерін дәлелдеп, артқан сенімді ақтады.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Болат Рысмендиев үздік бітірген мектеп оқушыларын қабылдап, ізгі тілегін жеткізді.
- Балалықтың балдәурені болған алтын ұя мек­тептерің­мен қоштастыңдар. Алда арман асуы. «Алтын белгі» иегерлері ата-ананың ғана емес, ауданның да мақтанышы. Елбасымыз Назарбаев университеті студенттеріне диплом тапсыру рәсі­мінде: - Нағыз бақыт - адамның өз өмірінің әр сәтінде дұрыс таңдау жасап, сол арқылы сырт әлеммен және өз болмысымен үйлесім табуы. Егер жастар гуманизмді, білімді, жауапкершілікті, әділеттілікті таң­­даса, әрдайым табысқа жетеді, - деген болатын. Міне, бү­гінгі мектепті үздік бітірген түлектер күткен сенімнен шығады деп ойлаймын. Білімдеріңді тереңдетіп, бағыттарыңнан таймаңдар. Таластың абыройын ас­қақ­татып, үлкендердің үмітін ақтаңдар,-деді Болат Қанатбайұлы.
Мұнан соң Б.Рысмендиев түлектерге «Алтын белгі» төсбелгісі мен “үздік аттестаттарды” тапсырды
Шара соңында К.Маркс атындағы орта мектептің бі­тірушісі, мемлекеттік оқу грантының иегері Елжан Қолан түлектер атынан аудан әкімі мен ұстаздар қауымына ақ тілектері мен қамқорлықтары үшін алғысын білдірді.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер