Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Алқалы жиында ауқымды істер талқыланды

Қамысбай Сауқымов, “Талас тынысы”.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұмабек Әсемовтың төрағалығымен Қоғамдық кеңес отырысы өтті.


Жиынды ашып, жүр­гі­­­зіп отырған Ж.Әсемов мем­­ле­кеттік бағдарлама­лар­­­­дың орындалу барысы осындай кеңесте жан-жақты тал­қы­­ланып, қаралып отыра­тынын айтып, сөз кезегін кә­сіпкерлік және өнеркәсіп бө­лімінің басшысы Аудан­бек Тауасаровқа бер­ді. Онда кә­сіпкерлік жә­не өнеркәсіп бөлі­мінің кә­сіпкерлікті қол­дау және да­­мыту жөніндегі 2016 жыл­дың қаңтар-мамыр ай­ла­рында атқарылған жұ­мыстары тыңдалды.
- Есепті мерзім аралығында шағын және орта кәсіпкерлік бойынша ауданда 1278 су­бъекті тіркелген. Олардың 99-ы шағын кәсі­порын және 1184 жеке кәсіпкер. Осы тір­келген субъектілердің 1221-і немесе 95,5 пайы­­зы жұмыс істейді, - деп бастады өз сөзін А.Тауасаров.
Одан ары кәсіпкерлік және өнеркәсіп бө­лі­мінің басшысы өнеркәсіп саласы, ин­вестиция, үдемелі индустриалдық-инно­ва­циялық дамудың мемлекеттік бағдарлама­сы, сауда саласы бойынша әңгімеледі. Ол облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы Қаратаудағы 4 наубайханаға осы жылдың алғашқы тоқсанында жеңілде­тілген бағамен 72 тонна ұн алынып, наубайханадан 1-сортты ұн 55 теңгеден жіберіліп отыр­ғандығынан хабардар етті.
Сөзінің соңында А.Тауасаров инвес­торлар тарту бойынша алдағы уақытта 34,0 миллиард теңгені құрайтын “ST Power” ЖШС-нің қуаты 50 Мвт күн электр станциясының құрылы­сын жүргізу, “Sapsan Commerce” ЖШС-нің жаң­ғыр­тылған энергия көздері са­ла­сында және “ТСК Construction Energe” ЖШС-нің күн жарық станциялары жобасы жоспарлануда екенін жеткізді.
Ал қала әкімі Қойшыбай Махашев:
- Моноқалаларды дамыту бағдарламасын қабылдаудың негізгі мақсаты шағын және орта кәсіп­керлікті дамыту, нәтижесінде, жаңа жұ­мыс орындарын ашу болып табылады, - деп, қалада 333 шағын және орта бизнес субъекті­лері тіркеліп, 2011 жыл­мен салыстырғанда 127,5 пайызға көбейгенін, оның ішінде, бел­сенді жұмыс атқарып жатқандары - 263 еке­­нін баяндап, шағын және орта бизнесті дамытуға 2015 жылы 152,4 миллион теңге бөлініп, 112 жұ­мыс орны ашылғаны жөнінде мағлұмат берді.
Одан кейін Қоғамдық кеңес мүшесі Сәулем­бай Әбсадықұлы жас кәсіпкерлер қата­рын көбейту керектігі мен ауданда халыққа қызмет көрсететін орындардың аздығын сөз етсе, “Talasinvestment Company” ЖШС-нің бас директоры Бақтияр Алдашов, “Сарытас-Удобрение” ЖШС-нің директоры Т.Дауылбаев және “Қаратау ПРО” ЖШС-нің бас директоры Алексей Подольский өз кәсіпорындарының жұмысы туралы жан-жақты айтып өтті.
Жиынға аудан әкімі Б.Қ.Рысмендиев қатысып, сөз сөйледі.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер