Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Тіл үйрену танымды тереңдетеді

Үш тілді меңгеру заман талабынан туған қажеттілік. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыту арқылы еліміздегі барлық ұлттарды біріктіреміз, бірін-бірі терең түсінуіне жол ашамыз.


Сондай-ақ, тілді үйренумен әр азаматтың ақпаратқа жету жолындағы мүмкіндіктері артады. Ал, ағылшын тілін білудің өз артықшылықтары бар. Әсіресе, халықаралық қатынас тілі ретінде танылған ағылшын тілі пікір алысқанда адамның сөйлескендегі психо­логиялық кедергілердің жойы­луына себін тигізеді. Алайда, бұл мемлекеттік тілді шеттету деген сөз емес.
Осы тұрғыда мемлекеттік бағдарламалардың негізінде облыс әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен «Тілдерді оқыту орталығы» аудандық бөлімшесінде үйірме жұмыстары қолға алынған. Мәселен, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін ниет білдірген аудандағы мекеме қызметкерлері үйрену үстінде. Үйірме бағдарламалары арнайы тыңдаушылардың деңгейіне сай негізделген. Ол ойды жүйелі жеткізуде, сөзді орынды қолдануда, шығармашылықты шыңдауда көп көмегін ти­гі­зеді деп ойлаймыз. Сабақ­тардың күрделілігіне қарай оқытылатын сағат сан­да­ры да әркелкі. Орталықта жауап­кершілігін терең сезінетін білікті, тәжірибелі оқытушылар дәріс береді.

Ғалымжан Асылханов, мектеп бітіруші.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер