Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Тәуелсіздік-өрлеумен өркендеуге жол ашады

Біз Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді, елдігімізді әлемге паш еттік. Кез-келген елдің тілегі де, оның арманы да-халқының бейбітшілігі. Өйткені, бейбіт өмір өрлеу мен өркендеуге жол ашады.


Ал, еркін болу бақытын, тәуелсіздікті, халықтың ын­тымағын жасампаздық игілігіне жарату біздің бүгінгі патриоттық боры­шымыз. Мына ширек ғасыр уақыт ішінде Қазақстан өзінің әлемдік сахнадағы орнын белгіледі. Мүйізі қа­рағайдай елдер бізбен санасатын дәрежеге жет­тік. Осының бәрі көреген Көш­басшымыз, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан На­зарбаевтың тынымсыз еңбегінің арқасы десек, дұрыс болар.
Болашақтағы алға қой­ған басты басым­дық­тар: азаматтық тең­дікті, «Мәңгілік Ел­дің» құндылықтарын, үштұ­ғыр­лы тілді және ұрпақтар са­бақтастығын қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру міндеті тұр.
Елбасы Н.Назарбаев бел­­гілеп берген бес инсти­ту­ционалдық реформаның төртінші бағыты-біре­гей­лік пен бірлікті нығай­туда қазақс­тан­дықтар айтар­лықтай жұмыстар атқарып келеді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында елімізде салтанат құрып отырған бірлік пен тату­лықтың мемлекет тұғырын биіктететін негізгі күш екенін қадап айтқан болатын: «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мы­ғым Мәңгілік Ел бо­лу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын жел­біретіп, тұ­ғы­рын ны­ғайт­қан біздің та­рих алдында жүзіміз жар­қын! Біздің тірегіміз - Тәуелсіздік, ті­легіміз - тұрақ­тылық, білегіміз - бірлік!» - деді.
Тәуелсіздік - Тәңірдің біз­ге берген сыйы. Тұғыры мықты, ғұмыры ұзақ болғай!
Айгүл Иманбаева,
№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы директорының орынбасары, Қаратау қаласы.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер