Оқу орны-"Білім саласының көшбасшысы"
- Толығырақ
- Құрылды 08.07.2016 08:41
- Категория: Мақалалар
2016 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасында «Сауда – өнеркәсіп рейтингі» ЖШС пен Ұлттық бизнес рейтингі ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесі және білім саласындағы ерекше жетістіктері үшін Қаратау гуманитарлық – техникалық колледжі өткен жылдың қорытындысы бойынша «Білім саласының көшбасшысы - 2015» Ұлттық сертификатымен марапатталды.
Сонымен қатар, оқытушылар Алмас Ильясов, Әлия Шуленбаева, Салтанат Даулетова «Жыл маманы - 2015» Ұлтық сертификаттарымен марапатталынса, ардагер оқытушы Серік Әбдібеков, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сәуле Анарбекова және бас есепші Рая Мырзахметова «Кәсіби саладағы сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері атанды. Колледж директоры, техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент мүшесі. ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Маселбеков Докторбек Манатбекұлы экономикадағы «Даңқ» ордені және «Үздік басшы – 2015» Ұлттық сертификатымен марапатталды.
Колледж ұжымы және аталған оқытушылар мен қызметкерлер көрсетілген мадақтауға тұрарлықтай. Себебі, оқу орны өңірдегі колледждердің бірі емес, бірегейі. Бүгінде өзінің дәстүрі мен тарихы қалыптасқан оқу орнына 50 жыл толды. Білім беру ұйымының соңғы жылдардағы жетістігі тек облыс, республикалық емес халықаралық деңгейде аталып отыр. Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды кеңінен қолданып, білім беру сапасын Халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендіруде және дуальді оқыту жүйесін енгізуде шетелдік оқу орталықтарымен байланысып, әріптестік орнатты.
Осы атқарылған іс – шаралардың нәтижесінде, колледж 2015 жылы маусым айында XIV Швейцариялық Халықаралық байқауда «Европалық сапа үшін» бас жүлдесін жеңіп алды және «Алтын үкі - үздік білім беру ұйымы» Құрмет сыйлығымен марапатталды.
Оқу орнының шығар биігі әлі алда дей отырып, бүгінгі колледждің жарты ғасырлық мерекесі еліміздің төл мерекесімен, яғни, Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен үндесін тауып, тұғырымыз биік, іргеміз нық, ел экономикасының қарқынды дамуына сапалы да, білікті және бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда колледж ұжымы өз үлесін қосады деген сенімдеміз.
Жұмагүл Уртаева,
Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің әдіскері.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы