Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Жүктелген міндет жүйелі атқарылуы тиіс

Мадина Жарас, "Талас тынысы"

Облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаев облыстың бірқатар аудандарында жұмыс сапарымен болып, өңірлердегі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы және әлеуметтік мәселелердің жүзеге асырылуы жайымен танысқаны белгілі. Аймақ басшысы аудандарға жасаған іс-сапарынан соң аудан әкімдері мен бірқатар басшыларды жинап, нақты тапсырмалар беріп, жаңа міндеттер жүктеген болатын.


Сейсенбі күні аудан әкімі Болат Рысмендив облыс әкімінің өңірімізге жұ­мыс сапары қарсаңында облыс басшының тапсырмасына сәйкес және атқарылуы тиіс маңызды мәселелердің жай-күйін пысықтау мақсатында аудан активімен жиын өткізді.
Басқосуда аудан басшысы алдымен алдағы жылыту маусымына дайындық шаралары және басқа да шешімін күткен бірқатар мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Серік Дадабаевты тыңдады.
Серік Ералыұлының сөзіне сенсек, қазіргі таңда бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүруде. Қазандықтардың, жылу, электр, су, газ желілерінің, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени нысандар және елді мекендердегі жекелеген тұрғын үйлердің дайындығы тұрақты бақылауда. Әсіресе, жылыту қазандықтары ауыстырылатын бірқатар ауылдар мен Қызыләуіт ауылындағы жұмыстарға тиісті сала басшылары жауапты. Бұл бүгінде кезек күттірмейтін маңызды мәселе.
Ауданда санитарлық тазалық жұмыста­рының екі айлығы өткенімен әлі шешімін таппаған мәселелер бар. Қазіргі таңда қаланың орталық көшелеріндегі арықтарды тазалау, тұрмыстық қалдық полигондарын қоршау, дала жұмыстары бойынша өрт қауіпсіздігін бақылауда ұстау, елді мекендерді газдандыру, ауыз су, көше жарықтарын жаңалау сияқты жұмыстар ауылдық округ әкімдері мен тиісті мекеме басшыларына тапсырылғанын тілге тиек еткен Серік Дадабаев аталған мәселелер бойынша әлі де олқылықтар орын алып отырғанын жасырмады. 

Баяндамашыны мұқият тыңдаған аудан әкімі Болат Рысмендиев жұмыстарын жүйелеп, толық аяқтау бірінші кезектегі мәселе екендігін қатаң ескертті.
- Қыс қамсыздықты кешірмейді,-деді аудан басшысы өз сөзінде. Өткен жылы ауданда тиісті сала қызметкерлерінің салғырттығынан жылыту қазандықтарының жарылу оқиғалары тіркелгені баршаңызға аян. Сол себептен, бұл бағыттағы жұмыстар жіті бақылауда болып, жүйелі жүргізілуі тиіс. Аудан орталығы мен барлық ауыл аймақтарда орналасқан мектеп, балабақша, мәдени ошақтардың қазандықтары мен орталық қа­зандық қысқы маусымға жүз пайыз дайын болуы керек, - деп қатаң ескерткен аудан әкімі тиісті мекеме басшыларына нақты тарсырмалар беріп, аталған жайттардың жуық арада шешімін табу керектігін жеткізді.
Жиында мұнан соң аудан бас­шысы өңірдегі әлеуметтік сала бойынша атқарылып жатқан шаруа­лардың жай-күйін осы салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары Қадірбек Садубаевтан сұрады.
Қ.Садубаев өз кезегінде әлеу­меттік сала бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар біршама екендігін айта келіп, аудандағы діни ахуал, елді - мекендердегі тозығы жеткен көрнекі құралдар мен билбордтарды ауыстыру, құрылысы аяқталуға жақын Қаратау қаласындағы жаңа емхана мен Есейхан ауылындағы мектептің ашылу салтанатын ұйымдастыру жұмыстарын, білім мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығын сөз етті.
Аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев аудандағы білім мекеме­лерінің жаңа оқу жылына дайындығын басты назарға алып, бұл бағыттағы жұмыстар бірінші кезектегі мәселе екенін қадап айтты.
- Қазіргі таңда, Қаратау қала­сындағы М.Әуезов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, қалған білім ошақтары мен балабақшаларда жүріп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстары сапалы аяқталуы тиіс. Әсіресе, білім нысандарының қазандықтарын жөн­деу, оның айналасын ақтау,сырлау сияқты жұмыстар сапалы жүргізілуі керек. Және бұл аталған жұмыстар шілде айының ішінде толық аяқталуы қажет, - деп міндеттеген Болат Қанатбайұлы аудандағы барлық білім ошақтарының жаңа оқу жылына дайындық шаралары мен балабақша, денсаулық сақтау нысандары мен мәдениет үйлерінің жылыту маусымына дайындық жұмыстары сапалы әрі толық аяқталмайынша бірде-бір басшы, не болмаса мектеп директоры еңбек демалысына шықпайтындығын тиісті бөлім басшыларына ескертті.
Жиында аудан басшысы сонымен қатар, діни тұрақтылықты жіті бақылауда ұстау, жастардың жат ағымның жетегінде кетпеуі үшін жергілікті жерлерде ауыл әкімдері мен тиісті мамандар жан-жақты түсіндіру жұмыстарын көптеп ұйымдастырып, өткізу керектігін, мемлекеттік жастар саясаты бүгінгі күннің маңызды мәселесі екендігін баса айтты. Барлық тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларының алдына аталған істер берілген уақыт ішінде еңсеріліп, олқылықсыз орындалу міндетін қойды.
Ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ауданның көшбасшы саласы. Сол себептен де аталмыш саладағы атқарылар ау­қымды істер басты назарда. Ауданда асыл тұқымды мал басын көбейту, мал бордақылау, ет комбинатына өт­кі­зілетін малды алдын ала дайындау, бір­дейлендіру, оның ішінде төрт - түлік малды сырғалау жұмыстары бойын­ша өтелмеген қарызды жи­науды тездету, субсидия алу, ауыл шаруашылық техникаларын лизингке рәсімдеу мен осы саладағы өзге де өзекті мәселелер күн тәртібінен түс­кен емес. Басқосуда міне, осы жайттар бойынша аудан әкімінің орынбасары Қайрат Рақымжанов баяндады. Ауылшаруашылық саласындағы бар­лық мәселелерді мұқият тыңдаған аудан басшысы «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» сынды мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын жіті назарға алды.
- Биыл ауа райы шаруаға өте қо­лайлы болып тұр. Жауын көп жауғандықтан жайылымдық жерлерде шөп мол, егістікте су жеткілікті. Ендігі жерде, уақытты оздырмай жұмысты жүйелі жүргізу керек. Қысқы мал азығын мерзімінде дайындап, егінді дер кезінде жинауға техникаларды жұмылдыру жұмыстарын жеделдетуді ауыл әкімдеріне тапсырамын. Сондай-ақ, «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша жүзеге асуы тиіс барлық жұмыстарды осы жылдың тоғыз айында толық аяқтауды аудан әкімінің орынбасары Қ. Рақымжанов пен бөлім басшы­сына жүктеймін деді, - Болат Қанатбайұлы өз сөзінде.
Сонымен қатар, жиында аудан бас­шысы ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығына орай аудан көлемінде өт­кізілетін мәдени-көпшілік шара­ларды ұйымдастырып, өткізу, өндірісті өркендету, өңірге инвестиция тарту, азық-түлік тауар­лары, оның ішінде, нан бағасын тұрақтандыру және бақылауда ұстау, коммуналдық төлемдерді жинау, ауылдық жерлердегі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс нысандарға бюджеттен қаражат қарастыру, жұмыссыздықты жою мен әлеуметтік бағдарламалар бойынша жұмысты жандандыру, жергілікті полиция қызметіне қосымша көлік алу үшін қаражат бөлу сияқты өзекті мәселелер бойынша нақты тап­сырмалар беріп, бұл жұмыстардың орындалу барысын қатаң бақылауда ұстайтынын ескертті.
Жиын барысында сөз болған мәселелердің барлығын мұқият тыңдаған Болат Қанатбайұлы тиісті бөлім, мекеме басшыларын орнынан тұрғызып, кеткен кемшіліктердің себебін сұрады. Ал, жауапты ма­мандар тек «Жұмыс жасаймыз, реттейміз» деуден аса алмады. Өз кезегінде аудан әкімі бірқатар тиісті сала басшыларының жұмысы жүйесіз екенін айтып, бұлай жұмыс жасауға болмайтындығын, қазіргі таңда талап күшті екендігін, облыс әкімінің тапсырмасы салғырт­тықты көтермейтіндігін жеткізіп, қордаланған мәселелерді жуық арада шешуді тапсырды.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер