Еңбек бақытқа бастайды
- Толығырақ
- Құрылды 12.07.2016 09:10
- Категория: Мақалалар
Нарбол Қашаған, "Талас тынысы"
Үстіміздегі жылы облыс әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасымен «Жасыл Ел» бағдарламасы шеңберінде келісім шарт жасалып, 16 мен 29 жас аралығындағы жұмыссыз жастарды маусымдық жұмысқа тарту мақсатында 1128,0 мың теңге бөлінді.
Әр ниет білдірген азаматқа тиісті жалақысы төленді. Көктемгі көгалдандыру-көгеріштендіру шараларының нәтижесінде жастардың күшімен қала саябақтарына тал-дарақтар мен жеміс ағаштары отырғызылды. Гүл көшеттері егіліп, көше бойындағы талдар балақталып, әктелді.
Сондай-ақ, бұл тарапта студенттердің құрылыс жасағы жанданып, жылдан жылға жүйелі жұмыстарымен ерекшеленіп келеді. Ісіне ынталы белсенді жастардың жасағы - тұлғаның мінезін қалыптастырып, борыш сезіміне тәрбиелейтін еңбек майданы. Бүгінде аудандық емхананың құрылыс басында өңірдегі жоғары оқу орындарынан тартылған 20-ға жуық студент бос уақытын мағыналы мақсатқа жұмсап, табандылықтың үлгісін көрсетіп келеді. Белсенді студенттердің жай-күйімен танысу мақсатында ТарПИ-дің 3 курс студенті Нұрайым Әлімқұлованы әңгімеге тартқанымызда: - Біз 15 маусымнан бастап құрылыс басындамыз. Мерзім 15 шілдеге дейін. Кәдімгі 8 сағаттық жұмыс уақыты. Мұндағы жағдайымыз жақсы. Үш мезгіл тамақ беріледі. Жатақханамен қамтамасыз етілген. Сенбі-жексенбі күндері «Жастар ресурстық орталығы» мамандары түрлі концерттік бағдарламалар ұйымдастырып, уақытымыздың көңілді өтуіне септігін тигізеді,-деп мемлекет тарапынан жастарға көрсетілген қолдауларға ризашылығын білдірді.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы