Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Тарихтың тағы бір беті ашылды

Қазақстан үшін тарихтың тағы бір беті ашылды. 138 мемлекеттің қолдауымен еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды.


Бұл қазақ елінің тарих сах­насындағы ор­нын белгілеп бер­ді. Бұл әрине, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ты­нымсыз еңбегінің, Қазақстан халқы ерік-жігерінің жемісі екені даусыз.
Енді еліміз жаһандық қауіпсіздікті реттеу­ге бел шеше араласып, түйткілді мәселелердің түйін шешетін беделді 15 мемлекеттің бірі екендігі-біз үшін үлкен абырой, биік мәртебе.
Елбасы 1991 жылдың 29 тамызында әлемге қауіп төндірген, жергілікті халыққа қайғы-қасірет әкелген Семей полигонын жабу арқылы алпауыт елдердің өзіне бейбітшіліктің сара жолын көрсетіп, адамзаттың асыл қасиетін танытты. Міне, енді осы 29 тамыз Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен Ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні ретінде аталып өтеді.
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болып сайлануы-Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімді орнықтырудағы өлшеусіз қызметіне берілген жоғары баға, әлемдік аренадағы зор беделі деп түсінгеніміз дұрыс. «Қайратты жерге-қақ тұрар, қайратты ерге - бақ тұрар» - дейді дана халқымыз. Ылайым, жерімізден құт, ерімізден бақ таймасын дейік!
Дина Битенова,
«Әйгерім» балабақшасының тәрбиешісі.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер