Тыныштық-ұранымыз, бірлік-мұратымыз
- Толығырақ
- Құрылды 19.07.2016 04:45
- Категория: Мақалалар
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесі қазіргі мына дүрбелең замандағы қым-қуат жағдайға байланысты ертеңгі күннің тыныс-тіршілігіне алаңдаудан туған тарихи құжат болып отыр.
Мына жаһанда ядролық қарудан алғаш болып бас тартқан Қазақстанның ісі басқа алпауыт елдерге үлгі болса деген Н.Назарбаев: «...Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Және бұл қатер-жаһандық соғыс!» деп өзінің көкейдегі ойы арқылы күллі адамзатты ынтымақтастыққа, бейбітшілікке шақырды.
Ядролық қаруды одан ары жетілдіру арқылы әлемге қауіп төндіру азамзаттық ой-санаға сыйыспайтынын, сол қарудың терроршылардың қолына түссе, онда болашақтың бұлыңғыр болуына ешкім кепілдік бере алмайтынын баса айтты.
Терроршылардың айуандық іс-әрекеттерінен гүлге оранған қалалардың отқа оранғаны , миллиондаған босқындардың туған жерден қоныс аударып, босқындар қатарына қосылуы дүниені дүрбелеңге түсіріп отыр. Осының бәрі іріткі сөзге ілесіп, бір-бірін түсінбеу салдары, адамзат тепе-теңдігінің бұзылуы екені айтпаса да түсінікті.
Міне, осы келеңсіз жағдайларды саралаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаһан жұртын болашақ үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға шақырып отыр. Бұл-ғасыр талабы. Бірлік-табыстың көзі, табыс тасыса-бақ қонады. Бақ ауып қонбайды, тауып қонады.
Айгүл Бескемпірова,
аудандық «Мемлекеттік тілді оқыту орталығығының» бөлімше меңгерушісі.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы