Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Ынтымақтастық жаршысы

Тәуелсіздігімізге қол жеткізген ширек ғасыр­да еліміз әлемдік маңызы бар мәселе­лерді халықаралық деңгейде көтеріп, оның оңтайлы шешілу жолдарын ұсынып келеді.


Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев тарапынан тыныш­тықты сақтау жолында атқарып жатқан жүйелі жұмыстары жаһандық қолдауға ие болды.
Мемлекет басшысының АҚШ астанасында ядролық қауіпсіздік жөніндегі қорытынды саммит кезінде халықаралық қоғамдастықты ядросыз әлем құруға, кез-келген соғыс түрін болдырмай, оның алдын алуға шақырған өзінің кең көлемді манифесін жария етті.
Бұл «бағдарламалық құжат» деген атауға ие болып үлгерген манифест сол кезде саммитке келген мемлекет, үкімет және халықаралық ұйымдар басшылары тарапынан кең қолдауға ие болса, еліміздің халқы үшін мақтаныш сезімін туғызғаны ақиқат.
Себебі, Семей ядролық полигонын жапқан және ойсыз ядролық қаруланудың бүкіл зардаптарын өз басынан өткерген қазақстандықтар оның ауыр зардаптарын өзге елдер артық біледі. Сондықтан да президентіміздің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін бүкіл ел болып қолдауға шақырамын.
Амангелді Сейтқасымов,
ҚРАШМ АӨК МИК “РФДжБӘО” РММ Талас аудандық филиалының басшысы.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер