Кешенді шаралар жүзеге асырылуда
- Толығырақ
- Құрылды 26.07.2016 05:45
- Категория: Мақалалар
Қайрат Рахымжанов, аудан әкімінің орынбасары
Ауданда ауыл шаруашылығы өнімін молайту, өнім сапасын арттыру бағытында кешенді шаралар қабылданып, оның орындалу барысы тұрақты бақылауға алынып отыр.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрсеткіштері мен мал басы тұрақты өсу үстінде.
2015 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 9132,5 миллион теңгені құрап, аудан халқының жан басына шаққандағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 169,9 мың теңгеден айналды.
Ауданда агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда, аграрлық экономиканы интенсивтендіру жолында да біршама жұмыстар атқарылып келеді.
Ауылшаруашылығы дақылдардың көлемі мен сапасын арттыру тұрақты назарға алынған. Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде салада соңғы үш жылда біршама өсім байқалады. 2015 жылы егін шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1269,9 миллион теңгені құрады.
Егістік құрылымын шаруашылыққа тиімді ету мақсатында жыл сайын әртараптандыру шаралары жүргізіліп, мал азығының дақылдар егісі көлемі ұлғайтылуда. 2016 жылдың өнімі үшін барлығы 10194 гектар алқапқа ауылшаруашылық дақылдары егілді.
Өткен 2015 жылдағы көрсеткіштермен салыстырғанда егіс алқаптарының көлемі 103%-ға, оның ішінде: дәндік жүгері 118%-ға, майлы дақылдар 179%-ға, бақша 105%-ға және картоп 106%-ға артып отыр.
2015 жылы 44 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мемлекеттік бағдарлама аясында 12607,8 мың теңге субсидия алды. Осы бағдарлама бойынша 2014 жылы 43 тауарөндіруші 10128,5 мың теңге, 2013 жылы 33 тауарөндіруші 5165,25 мың теңге субсидия алған болатын.
Кейінгі жылдары егістік алқаптарға субсидияланған минералды тыңайтқыштар енгізуде біршама ілгерілеу бар. 2011-2013 жылдары ауданда бірде-бір тонна субсидияланған минералды тыңайтқыштар пайдаланылмаса, тауар өндірушілер 2014 жылы арзандатылған 144,4 тонна, 2015 жылы 326 тонна минералды тынайтқыш сатып алынып, 11514,4 мың теңге көлемінде жеңілдік пайдаланылды.
Бостандық ауылдық округінде «Нұрым» шаруа қожалығы 2014 жылы 5,0 гектар алма екпелерін отырғызып, тамшылатып суару технологиясымен күтіп баптап, осы отырғызылған алма екпелеріне 3165,9 мың. теңге субсидия алды.
Аталған шаруашылыққа келесі 2015 жылы алма екпелерін күтіп баптағаны үшін 171,9 мың теңге субсидия төленді.
Суарудың озық технологиялары, оның ішінде тамшылатып суару және жаңбырлатып суару әдістері кеңінен насихатталуда. 2014 жылы Бостандық ауылдық округінде «Нұрым» шаруа қожалығы 5 гектар, Қаратау қаласында жеке кәсіпкер А.Сейдалиева 1,0 гектар алма бағын тамшылатып суаруда.
Ауданда ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу бағытында біршама жұмыстар атқарылуда.
Тәулігіне 2 тонна сүт өндіретін (май, сыр, ірімшік) цехты ашу мақсатында ЖК «Zuma» Ж.Қалхаманов құрылыс жұмыстарын жүргізіп, құрал-жабдық қондырғылары сатып алынды. 2015 жылы құжаттарын «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ-на тапсырып 5,5 миллион теңге несие және моноқалаларды дамыту аясында 3,0 миллион теңге грант жеңіп алды. Цехты ағымдағы жылдың 3 тоқсанында іске қосу жоспарлануда.
Сонымен бірге, ет өнімдерін өндіру және қайта өңдеу барысында ЖК «Нарбаева» А.Р.Кемелбекова шұжық шығаратын цехқа – 1,5 миллион теңге грант алып, өз қаражатына 6,0 миллион теңге тұратын шұжық өңдеу цехын ашуда.
2015 жылы «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша 16 шаруа қожалығының 19 жобасы мақұлданып – 255.55 миллион теңге несие алды. Атап айтқанда, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 6 жоба құны 112,12 миллион теңгеге 654 сиыр, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 7 жоба құны 65,87 миллион теңгеге 2699 бас қой, «Құлан» бағдарламасы бойынша 5 жоба құны 77,56 миллион теңгеге 295 бас жылқы сатып алынып, соның нәтижесінде «Сыбаға» бағдарламасы 125,8%, «Алтын асық» бағдарламасы 135%, «Құлан» бағдарламасы 164% орындалды.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы