Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Ауданымыздың әлеуеті артып келеді

Өткен жылдан бастап елімізде Елбасы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша нақты шаралар қабылданып жатқаны белгілі.


«100 нақты қадам» Ұлт жоспары заман талабына сай биік белестерге құлаш сермеуге мүмкіндік беретін құжат. Елбасы атап көрсеткен 100 нақты қадамның аудан­ның саяси әлеуметтік өмірі­нің жандануына, өңірде мекен етіп жатқан ұлт пен ұлыстың арасындағы ынтымақ пен бірліктің арта беруіне, экономиканың жаңа белестерге көтеріліп, ел экономикасының дамуына зор үлес қосуына игі әсерін тигізері сөзсіз.
Бұл «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруға бастар жол. Мұндай ауқымды реформаларды жүзеге асыру тек білікті билік пен жасампаз халықтың біріккен күшінің ғана қолынан келеді деп ойлаймын.
Биылғы жылы ел өмірін­дегі ең елеулі оқиға - Қа­зақ­стан Республикасы Тәуелсіз­дігінің 25 жыл толуы біз үшін мақтаныш. Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізудің тұжырымдамасына сәйкес аудан жұртшылығы арасында акциялар, дөңгелек үстелдер, қайырымдылық ша­ра­лары көптеп ұйымдасты­рылып, еліміздің қол жеткізген жетістіктері кеңінен әңгіме­ленуде.
Халқымызда «Денсаулық – зор байлық» демекші, адамзат баласының бақытты болуының негізі оның денсаулығына байланысты екен. Биылғы жылы ауданымызда ден­сау­лық сақтау саласына ерекше көңіл бөлініп, бірқатар ме­ди­цина мекемелері жаңа ғимараттарға көшеді деп күті­луде. Аудан орталығы Қаратау қаласындағы 250 адам­ға арналған жалпы құны 1 млрд. 125 миллион теңге болатын емхана мен С.Шәкіров ауы­лындағы жал­пы құны 65797,32 мың.теңге болатын дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға бермек.
Ал, халықты жұмыспен қамту мәселесіне келсек биылғы жылы 941 адам әр түрлі мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларымен қам­тылды. Жалпы 631 адам жұмысқа орналасса, оның ішінде: жастар тәжірибиесі бойынша - 86 адам, әлеуметтік жұмыс орындарымен - 62 адам, 483 тұрақты жұмыспен қамтылды. Өтініш білдірген азаматтардың жұмыспен қам­ту көрсеткіші 66,4 пайызды құрады.
Елімізде білім саласы қашанда басымдыққа ие. Әлемдік дағдарысқа қарсы шаралар жүргізілгеніне қа­ра­мастан, білім саласын қаржыландыру көлемі өткен жылға қарағанда қысқарған жоқ. Есейхан ауылындағы жалпы құны 422,268 мың теңге болатын 120 орындық мектеп биылғы жылдың қыркүйек айында беріледі деп күтілуде.
Өткен оқу жылында ау­дан­ның 36 мектебіндегі 556 сыныпта 8280 оқушы білім алып, оның ішінде 1063 оқушы 1-ші сыныпқа қабылданған болатын. 2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша оқушылардың білім сапасы 58,2 %-ды құрады. Жаңа оқу жылында оқушылар оқулықтармен толық қамтылады.
Сонымен бірге, ауданы­мызда спорттың бай тәжіри­бесі мен жақсы дәстүрлері қалыптасқан. Ауданның атын төрткүл дүниеге танытқан даңқты Бейбіт Ыстыбаев, Дәутетхан Жақыпов, Өмірәлі Нышанов, Берік Пышанов сынды жампоз спортшылар шыққан өлкелі өңір. Бұл дәстүр өз жалғасын тауып келеді. Ауданымызда бұқа­ралық спорттың өркендеуіне үлкен мән беріліп келеді. Бүгінде спорт жас Қазақ мемлекетін дамыту мен оның ұлттық әлеуетін арттырудың темірқазығына, денсаулық кепіліне айнал­ды. Соңғы жылдары аудан­дағы 5 спорт мекемесі мен спорт нысандарының материалдық-техникалық базасы нығайып, қолжетім­ділігі айтарлықтай өсті.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер