Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Ауыл ажарланып, берекесі артып келеді

Болат Ошақбаев, Аққұм ауылдық округінің әкімі

Аққұм ауылдық округі негізінен Байзақ, Мойынқұм аудандарымен шекаралас, аудан орталығынан шеткері жатқан ауыл. Негізінен ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығымен айналысады.


Ауылдық округте 225 аула, 1417 халық тұрады. Жер көлемі 42685 гектар, оның 1628 гектары егістік, 1589 гектары суармалы жер. Мал басы МІҚ-1800, қой-ешкі-22300, жылқы-1050, түйе-416 бас тіркелген. 86 шаруа қожалығының 26 мал шаруашылығымен қалғаны егін шаруашылығымен айналысады. Ауылдық округке қарасты Б.Тоқтықожаұлы атындағы 680 орындық орта мектеп, “Жаңа қоныс” бастауыш мектебі, “Сымбат” балабақшасы, клуб үйі, дәрігерлік пункт, пошта үйі, спорт мектебінің филиалы, имандылыққа тәрбиелейтін мешіт үйі бар. Мекеме ғимараттарының барлығы соңғы 5-6 жылдың ішінде күрделі жөндеуден өтті.
Аққұм-Бостандық бағытындағы тас жолға бюджеттен 30.0 миллион теңге бөлініп, асфальтталды. Шаруа қожалықтарына су келетін «Жиембет-Ұзын» каналының 14 шақырымына 14.0 миллион теңге бөлініп, канал толығымен тазаланды. 2013 жылы ауылдық клубқа бюджеттен 20.0 миллион теңге бөлініп, клуб үйі толығымен күрделі жөндеуден өтті.
2013 жылы ауылға барлық көшелерге газ құбыры тартылды. Бүгінгі күнге дейін жеке үйлерге газ құбырын жалғау қолға алынып, 155 отбасы көгілдір отынның игілігін көруде.
2011 жылы ауылда «Сыбаға бағдарламасы бойынша ауылшаруашылығын қолдау қорынан «Аязбек» шаруа қожалығы (төрағасы Т.Анарбаев) 5.0 миллион, «Айбас» шаруа қожалығы (төрағасы Қ.Үсен) 3,7 миллион теңге алса, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Жиембет» шаруа қожалығы 32.0 миллион теңге несие алып, мүйізді ірі қара малын алды.
2012 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Сейсенбай» шаруа қожалығы 29,175 миллион теңге несиеге 156 бас мүйізді ірі қара сатып алды, 2013 жылы өз қаржысына Қостанай облысынан асыл тұқымды «Әулиекөл» сиырларын сатып алып, 200 басқа арналған мал бордақылау алаңын соқты. Алдағы уақытта құжаттарын дайындап, сүт-тауарлы фермасын ашуды жоспарлауда.
2013 жылы Ауылшаруашылығын қолдау қорынан «Байбәкір» шаруа қожалығы 6.0 миллион теңге алып, 34 бас мүйізді ірі қара, 2 асыл тұқымды бұқа сатып алды.
2015 жылы «Қоңыр» шаруа қожалығы 10 миллион теңге алып “Алтын асық” бағдарламасы бойынша 225 бас қой алды. Елбасының ауыл шаруашылығын дамытуға арналған “100 нақты қадам”, “Жұмыспен қамту-2020”, “Бизнестің жол картасы - 2020” ауыл шаруашылығын ірілендіру бағдарламалары бойынша да жұмыстар атқарылуда.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жұмыспен қамту орталығы арқылы 2013-2016 жылдар аралығында 17 ауыл тұрғыны 1.0 миллионнан - 3 миллион теңгеге дейін несие алып, оған мүйізді ірі қара және қой алып, өздерін жұмыспен қамтып, мал басын арттыруда.
Ауыл халқының ауыз бірлігінің арқасында ауылда тұрмысы төмен отбасы жоқтың қасы, ауылдың келбеті өсіп, құрылыстар салынып, ауыл көріктеніп келеді. 2014 жылы ауыз-су бағдарламасының екінші бағыты бойынша әрбір үйге су құбырын тартуға 54.0 миллион теңге бөлініп жұмыстар жүргізілді. Барлық үйдің ауласына су құбыры тартылып, ауызсумен қамтылып отыр.
Ауылда Елбасының “Жасыл ел” бағдарламасына сәйкес отырғызылған 5 гектар жердегі тал-дарақтар да қоршалып, ауылға сән беріп тұр. Биылғы жылы “Жасыл белдеу” бағдарламасы бойынша ауылға кіреберіс 3,5 гектар жерге тал-дарақтар отырғызылды.
Ауылда жоспарланған жұмыстардың барлығы өз мерзімінде орындалып келеді.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер