Мақсат-тыныштық пен тұрақтылықты нығайту
- Толығырақ
- Құрылды 09.08.2016 09:23
- Категория: Мақалалар
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің басты міндеті жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтып, әлемдегі тұрақтылықты барынша қамтамасыз етіп отыру екені мәлім.
Қазіргі таңда бұл ұйымға 15 мемлекет енеді, олардың 5-і тұрақты 10-ы уақытша, яғни тұрақты еместер санатынан.
Татулықты ту еткен тәуелсіз қазақ елінің бұл ұйымға енуі тәуелсіздігіміз бен тыныштығымызды нығайта түсері анық.
БҰҰ мүше 193 мемлекеттің дауыс беруі нәтижесінде Қазақстан 2017-2018 жылдарға Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Бұл шындығында мемлекет басшысының жеке беделінің және халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелер бойынша белсенді қызметінің арқасында мүмкін болған тарихи оқиға.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының басты бағыты жаһандық қарусыздандыру мен терроризмге қарсы күрес екені белгілі.
Ұлы дала елінің әлемдегі ең беделді ұйымға мүше болуы арқылы ғаламдық деңгейдегі мәселелерге үн қосуы баршамызға қанат бітіріп, шабыттандырды.
Айдулла Есбосынов,
Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы директорының орынбасары.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы