Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Партия белсенділері бас қосты

Индира Еркінқызы, "Талас тынысы"

«Нұр Отан» партиясы аудандық фи­лиа­лы мәжіліс залында партияның ба­қы­лау комиссиясы және бюро мүше­лері, бастауыш партия ұйымдарының төраға­ларының қатысуымен семинар болып өтті.


Семинардың күн тәр­тібін­де партияның басты жұмыс­тары са­на­латын тоғыз мәселе қаралды.
Алғашқы төрт мәселе бойын­ша сөз алған партия аудандық филиалының есеп және ста­тис­тика секторының мең­ге­­ру­шісі Мейірім Таңа­та­­рова «Нұр Отан» партия­сының ұйым­­­дас­тыруымен жылда өткі­­зілетін «Үздік бастауыш партия ұйымы» атты байқауының талаптарын таныстырып, бас­тауыш пар­тия ұйымдарының іс-қағаздар номенклатурасы, жеке кабинет­термен қамтылуы және қоғамдық бірлестігінде партия­ға кіру және мүшелік жарнаны төлеу мен есепке алу ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.
Өз кезегінде сөз алған партия аудандық филиалының консультанты Бекзат Әсембе­ков партияның бастамасымен қолға алынғалы отырған партиялық кадрлық ре­зерв туралы баяндап, ай­мақ­тық кадрлық резервті қа­лып­тастыруға арнал­ған нұсқау­лықпен таныстырса, «Үздік қоғамдық қабылдау», «Мектепке жол» акциясы және Ұлттық бірың­ғай тес­тілеу кезінде межелі 50 балл жинай алмаған мектеп бітіру­шілірдің колледжге оқу­ға түсуі мен жұмысқа ор­на­ластыру сынды өзекті мәселелерді партия аудандық филиалының консультанты Ербол Бекбауов алға тартты.
Жиынды қорытындылаған «Нұр Отан» партиясы об­лыс­тық филиалының ұйымдас­тыру-бақылау жұмысы бөлі­мінің консультанты Үміт Ибраимова партияның жұмыс­тарын жан­дан­дыра тү­су үшін аянбай еңбек етуге шақырса, пар­тия аудандық филиалы төрағасының бірінші орын­ба­сары Ғалым Қартабаев алдағы есеп беру-сайлау жина­лы­сына дайындықтар туралы пысықтады.
Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Арқабек Төлебаев қатысып, күн тәртібіндегі көтерілген мәселеге қатысты пікірін білдірді.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер