Аудан халқы Заңын ұлықтады
- Толығырақ
- Құрылды 02.09.2016 05:00
- Категория: Мақалалар
"ТТ"-ақпарат"
Ұлбике ақын атындағы аудандық мәдениет үйінде 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай салтанатты жиын өтті.
Шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Болат Рысмендиев жиналғандарды айбыны асқақ мерекемен құттықтады. Мұнан соң аудан басшысы көп жылғы еңбегі үшін бірқатар азаматтарды облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен, ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен марапаттады.
Салтанатты жиында сонымен қатар, мәслихат хатшысы Арқабек Төлебаев Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, бірқатар азаматтар мен азаматшаларға аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталарын табыс етті.
Шара соңы мерекелік концертке ұласты.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы