Ата заң-ел болашағының кепілі
- Толығырақ
- Құрылды 02.09.2016 05:03
- Категория: Мақалалар
Қазақстан Республикасы халқының арқа сүйері және жарқын болашағының кепілі – Конституция екені бәрімізге мәлім.
Еліміздің негізгі құқықтық құжаты болып саналатын Конституция сонымен бір уақытта, Қазақстан өзін жария еткендей демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекеттің жетістігі болып табылады. Демократиялық қоғамның жоғары идеалдарына ұмтылу, Қазақстан жерін мекендеген халықтар арасындағы өзара құрмет пен достық, мәдениеттің халықтар арасына өтуі, мемлекеттік органдардың құрылған жүйесі міне, осылардың барлығы Негізгі Заңда нақты көрсетілген.
Қоғамдық құрылымның жаңаруы, экономиканың нарықтық экономика түріне өтуі, меншіктің алуан түрінің енуі, қауіпсіздіктің кеңеюі және әлемдік қоғаммен ықпалдасу 1995 жылы 30 тамызда ҚР Конституциясын қабылдауға ықпал етті. Жүзжылдықта біздің елімізде бүкіл халықтық дауыс беру жолымен жаңа құжат қабылданды, онда жеке тұлға мен жалпы адам құндылықтары бекітілген. Жоғары заңнама деңгейінде адамның құқығы тәрізді жаңа концепция мен социалистік жүйеге сәйкес мемлекет мүддесінің жеке тұлға мүддесінен жоғары болуынан бас тарту теориясы бекітілді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанның әрі қарай дамуы үшін мықты іргетас қалайды, бәрінен бұрын ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігінің күшеюіне бағытталған.
ҚР Конституциясының 98-бабының 30-ы адамның құқығы мен бостандығын, міндеттерін нығайтуға бағытталуы кездейсоқтық емес. Ал, ҚР Конституциясының 3-бабына сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық болып табылады.
ҚР Конституциясының 10-бабында – Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан айыруға болмайды делінген. Конституцияның 11-бабында адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олардан ешкім айыра алмайды деп белгіленген. Адамның құқықтары туралы жалпы Декларацияның негізгі талаптарына сәйкес Негізгі Заңда адамның өмірге, жеке бостандыққа, өзінің жеке басын сыйлау, жеке өміріне қол сұқпаушылық, отбасы құпиясы ары мен намысын, қадір- қасиетін қорғау құқығын көрсететін бірқатар басқа баптар да бар.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы оның ережелерінің сақталуын қадағалайтын органдар жүйесінің қалыптасу және даму негіздерін анықтады. Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияның тұтастығы, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Өзінің заң шығару қызметінде қабылдаған Заңдарының Конституцияға сәйкестігін қамтамасыз ететін Парламент, Жоғары соттың басшылығымен сот жүйесі, Прокуратура және Үкіметтің басшылығымен барлық атқарушы органдар жүзеге асырады.
Аталған барлық атқарушы органдарының қызметкерлері қойылған Заң талаптарына сай, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда, қылмыстық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бар білігі мен тәжірибесін салып, адал қызмет ететініне сенімдімін.
Жасымызға, ұлтымызға, саяси, діни және идеологиялық танымымызға, атқаратын қызметімізге қарамастан, заң қағидаларынан ауытқымай, нормаларын бұлжытпай орындау Қазақстанның гүлденуі мен игілігін еселеу жолындағы толағай табысымыздың кепілі болып табылмақ.
И.Тойшибеков, Талас ауданының прокуроры.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы