Майірімін жоғалтпаған жан қайырымдылықтан қашпайды
- Толығырақ
- Құрылды 02.09.2016 05:30
- Категория: Мақалалар
Бостандық ауылындағы «Алғабас» орта мектебінде Бостандық, Талапты ауылдарының бірқатар ата-аналары мен оқушылары қатысқан «Бақытты балалық шақ мекені» атты дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы өтті.
«Алғабас» орта мектебінің әлеуметтік педагогы Досымжан Жанысбеков қайырымдылық акциясын ашып, жылда өтіп келе жатқан, осы шараға тұрақты түрде көмек қолын созып келе жатқан демеушілерге ризашылығын білдіріп, осы ауылда дүниеге келіп, орта мектепті осы жерде бітірген, қазіргі кезде Шу ауданының әкімі қызметінде жүрген Рүстем Дәулетов қайырымдылық шарасына 50 мың теңге, осы жердегі белді кәсіпкер Рахат Шәріпбаев 15 мың теңге, «Төртбай ата» мешітінің имамы Зульфухар Түзелбаев 40000 теңге, ауыл округі әкімінің аппараты 13 мың теңге, №28 спорт мектебі 15000 теңге, «Ақбөпе» балабақшасы 15000 теңге, дәрігерлік амбулатория, Мәдениет үйі және байланыс бөлімшесі 12 мың теңге тапсырып, Барлығы – 160 мың теңгеге 21 оқушының 11-іне мектеп формасы, ал, 10 оқушыға оқу құралдары әперілгенін баяндады.
Одан әрі ауыл әкімі Мұратхан Рысдәулетов, демеушілер сөз алды.
Өз кезегінде облысымызға белгілі кәсіпкер, бір кездері ауданымыздың әкімі болған, осы ауылдың тумасы Досан Рымтаев сөз сөйледі:
- «Ауылым-алтын бесігім»- дейді ғой ел ішінде. Сол айтқандай, мені де ауылым өзіне тартып тұрады. Ауылымды сүйгенім, әрине, елімді сүйгенім. Сол сүйіспеншілік бүгін де ауылыма жетелеп, мына қайырымдылық шарасына өзімнің аз ғана үлесімді қосуға келдім,-деп Бостандық ауылындағы 13 отбасынан шыққан 30 оқушыға (1-сыныпқа баратындар), сондай-ақ, Талапты ауылындағы осындай 15 оқушыға 360 мың теңгеге оқу құралдарын әкелгенін жеткізді.
Бұл күні «Алғабас» орта мектебіне 400 мың, ал, «Талапты» орта мектебіне 120 мың теңгеге қайырымдылық жасалды.
Шара соңы оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Мақпал ДҮЙСЕНБЕКОВА,
“Алғабас” орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы