Өзекті мәселелер қозғалды
- Толығырақ
- Құрылды 06.09.2016 06:12
- Категория: Мақалалар
Аққұм ауылында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының аудандық семинар - кеңесі өтті.
Бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру, тәжірибе алмасу мақсатында өткен бұл шараның «Аққұм» бастауыш партия ұйымында өтуінің де өз себебі бар. Өйткені, бұл бастауыш партия ұйымы 2015 жылы өткізілген «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының жеңімпазы атанған болатын.
Партия аудандық филиалының Саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымының төрағалары семинардың бағдарламасы бойынша ең бірінші «Аққұм» бастауыш партия ұйымының жеке кабинетімен, істер-номенклатурасымен танысудан бастады. Семинарға қатысушылар осы бастауыш партия ұйымының Бюро отырысына қатысты.
Сонымен қатар, семинар-кеңестің негізгі жиыны өткізіліп, оны «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Қартабаев ашып, жүргізіп отырды. Ғ.Қартабаев: «Нұр Отан» партиясы Талас аудандық филиалының 5270 мүшесі бар. Олар барлығы 113 топтан тұратын 41 бастауыш партия ұйымдарына біріктірілген. Бүгінгі күні олардың 28-і жеке кабинетпен қамтылса, қалған бастауыш партия ұйымдарының кабинет мәселесі алдағы уақытта шешімін табатын болады”, – деді. Сондай-ақ, Ғалым Тамабекұлы бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру, олардың жеке кабинет мәселесін шешу, партиялық жарнаны уақтылы төлеу мәселелерін де атап өтті.
Келесі кезекте сөз алған «Аққұм» бастауыш партия ұйымының төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы Арқабек Төлебаев: - “Өткен жылы «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы өткен болатын. Байқауға республика бойынша 5000-нан астам БПҰ қатысып, оның ішінде, 16 БПҰ іріктеліп алынды. Құрамында 3-тен 100-ге дейінгі партия мүшесі бар санатта «Үздік бастауыш партия ұйымы» номинациясы бойынша біздің «Аққұм» бастауыш партия ұйымы І орынды жеңіп алды”, - деп, байқаудың іріктеу кезеңіндегі негізгі критерилерін тілге тиек етті.
Семинар - кеңесте «Аққұм» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары А.Жамбайбеков бастауыш партия ұйымы жайлы мағлұматтармен таныстырса, ал, «Феруза» бастауыш партия ұйымының төрайымы Г.Рахымбердиева бастауыш партия ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыру мәселелеріне тоқталды. Жиын соңында «Тамды» бастауыш партия ұйымының төрағасы, партия ардагері Ө.Дүйсенбиев семинар-кеңестің бастауыш партия ұйымдары төрағаларына оң әсер етіп, олардың әрі қарай белсенді жұмыс жүргізетініне сенім білдірді және іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын айтты.
Бекзат ӘСЕМБЕКОВ,
“Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының консультанты.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы