Мемлекеттік қызмет те, мемлекеттік қызметші де мінсіз болуы тиіс
- Толығырақ
- Құрылды 13.09.2016 10:00
- Категория: Мақалалар
Мадина Жарас, «Талас тынысы».
Апта басында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Ұлт жоспары: «100 нақты қадам» құжатын насихаттау мен мемлекеттік аппаратты реформалау саласындағы өзгерістерді талқылау мақсатында семинар өтті.
Облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің тапсырысы бойынша ұйымдастырылып, өткізілген семинарды аудан әкімі аппаратының басшысы Ұлан Алтынкопов ашып, жүргізіп отырды. Жиында алғашқы сөз кезегін алған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Дәурен Каипов мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, сыбайлас жемқорлық профилактикасы туралы түсіндірді.
- Баршамызға белгілі Елбасы жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында бірқатар Заң мен заңға тәуелді нормативтік - құқықтық актілер қабылданды.
Осыған орай, мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында да біраз өзгерістер орын алды,- деген Дәурен Айтасұлы бұдан әрі мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің форматтарын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің стандарттары мен нормаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы кейбір өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен түсіндірді.
Семинар барысында мұнан соң, аталмыш департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Руслан Шариповтың осы мәселеге қатысты баяндамасы мен сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Берік Бегалиевтің жаңадан қабылданған «Ақпаратқа қол жетімділік туралы» ҚР Заңының басым бағыттары бойынша жасаған баяндамасы тыңдалды.
Жиын соңында жиналғандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар назарға алынды.
Дәл, осы тақырыптағы семинар сол күні «Talas Investment company» ЖШС-де де өтіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы