Жерлестеріміз Астана жәрмеңкесінде
- Толығырақ
- Құрылды 30.09.2016 09:41
- Категория: Мақалалар
Өткен жылы да Астана жәрмеңкесіне ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалап, астаналықтар тарапынан жылы қабылданған жерлестеріміз биыл да сол межеден көріне білді.
Астана жұртшылығына сапалы да арзан өнімдерін ұсынған таластықтар олардың ыстық ілтипатына ие болды.
- Біз Астанаға 1 тонна жылқы етін, “Бекен” шаруа қожалығының 3 тонна қауынын, 200 келі құрт-ірімшігімізді, 400 литр қымыз - шұбатымызды, көкөніс түрлері мен жеміс-жидектерімізді алып бардық, - дейді аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ауданбек Ерубай, - алып барған тауарларымыз үлкен сұранысқа ие болып, лезде өтіп кетті.
астана жәрмеңкесіне қатысуда ұйымшылдық танытып, бір кісідей атсалысқан барша жұртшылыққа аудан әкімі Болат Рысмендиев үлкен ризашылығын білдірді.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы