Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Бағыты мен бағдары айқын партия байқауы

Индира Еркінқызы, «Талас тынысы».


Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы халық­пен арадағы байланысын тереңдетуде бастауыш партия ұйым­дарына үлкен жауап­кершілік жүк­телген. Тіпті, өткен жылды “Бастауыш пар­тия ұйымы­ның жылы” деп жариялап, жүйелі жұмыстар атқарыл­ды. Солардың бірі - «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы. Осы үрдіс биыл да жалға­сын тауып, аудан­дық іріктеу сыны болып өтті.
Шараның мақсаты - үздік бастауыш партия ұйымдарын анықтау және олардың жұмыс тәжі­рибесін елдің бар­лық аймақтарында тарату, партиялық және сайланбалы қызметтерге ұсыну мақсатында білікті, белсенді төрағаларынан партиялық кадрлардың ре­зервін қалыптастыру, қоғамдық қабылдаулар жұмысын жетілдіру мен пар­тия қызметіне қоғам­дық қауымдастықтың наза­рын аудару болып табылады.
Аудандық іріктеу бай­қауы­на партия аудан­дық филиалына қарасты 41 бас­тауыш партия ұйы­мы белгіленген ереже­ге сәйкес, жеті критерий бойын­ша бақтарын сынасты.
Екі күнге созылған байқауды қорытындылаған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Ғалым Қартабаев БПҰ жұ­мыс­тарын саралап, кемшіліктері мен қателік­терін тілге тиек етіп, байқауда белсенділік танытқан «Бостандық», «Есейхан», «Үміт», «Көріктендіру», «Игі­лік», «Феруза», «Спорт», «Ши­пагер», және «Кі­тапхана» сын­ды БПҰ төрағалары мен тө­райымдарын алғыс хаттармен ма­рапаттады. Ал, жүз­ден жүйрік шық­қан істері тындырымды, жұ­мыстарын партия жобаларымен сабақтас­тыра жүргізетін «Мәде­­ниет» БПҰ 1-орын, «Аққұм» БПҰ 2-орын­ды иеленіп, облыстық байқауда аудан атынан қатысатын болса, жүл­делі үшінші орынға «Ақкөл» БПҰ лайық болды.
Жеңімпаздар мен жүл­­де­герлерді мара­паттау сәтінде сөз алған комиссия мүшесі партия облыстық фи­лиалы ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлі­мінің кеңесшісі Үміт Ибраимова, аудандық мәслихаттың хатшысы А.Төлебаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ж.Әсемов пен қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Т.Жұмабек облысқа жолдама алған БПҰ сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер