Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Өндірісі өркендеген кәсіпорын


Бүгінгі күні «Қаз­фосфаттың» бар­лық өндірістік құрылым­дарында 6 мыңнан астам адам еңбек ете­ді. Компания спорт­ты дамытуға көп көңіл бөлуде, Жа­ңатас қаласында ор­талық стадион, Тараз қаласында заманауи спорт кешені - бой кө­терген. Кәсіпорын бас­шылығы кадрлардың кәсіби біліктілігін арт­тыруды жолға қойған. Мекеме сондай-ақ, об­лыс аумағында қайы­рым­­дылық және де­­меу­­шілік жа­сау ша­ра­ла­­­ры­на 2013, 2014, 2015 жыл­дары 147,8 мил­­лион теңге көмек көрсеткен.
«Шолақтау» тау – кен өңдеу кешені «Қазфосфат» ЖШС-нің жеті филиалы­ның бірі. Өз өнімдерін 1946 жылғы 5 желтоқсан­нан өндіріп келеді, Қаратау қаласының салынуына, оның да­муына үлкен себепкер болған кешен. Кешенде - 540 адам еңбек етіп, компанияның дамуына үлес қосып келеді. Қаратау қойнауының фосфоритті кен базасы негізінде фосфор өнер­кәсібінің сары фосфор мен минералды тыңайтқыштар өн­ді­ретін кәсіпорындарды ши­кізатпен қамтамасыз ете алатын бірден - бір ірі өндіріс орны болып табылады. Жұмыс­шы – қызметкерлердің ай­лық жалақылары мерзімінде төленуімен қатар, олардың әлеу­меттік жағдайы мен денсаулығына баса назар аударылған. «Көктал» емдеу-сауықтыру кешенінде жыл сайын 2 мыңнан астам кеншілер демалып, ем қабылдаса, «Жұлдыз» балалар сауықтыру лагерінде жаз маусымында 900 бала тынығады. «Қазфосфат» ЖШС бүгінде бәсекеге қа­білетті өнімдер өн­діріп, мемлекетімізге салық түсімдерін құйып отырған облысымыздағы ең ірі компания болып табылады.
1946 жылы жел­тоқсан айының 5 жұл­­­­­дызында «Шо­лақ­тау» ашық карье­рі­нен фосфоритті ке­ні өндірілгенін жо­ғарыда айттық. Сол күн комбинаттың құрылған күні бо­лып есептелінеді. Биыл комбинаттың кұрылғанына 70 жыл толайын деп отыр.

Құдиярбек ОМАРОВ,
“Шолақтау” тау-кен өңдеу кеше­нінің өндіріс бас­шысы, аудандық мәслихаттың депу­таты, “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер