Тәуелсіздік – ел тілегі
- Толығырақ
- Құрылды 14.10.2016 09:35
- Категория: Мақалалар
Еркін де ерікті ел болдық. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына биыл 25 жыл толып отыр.
Елбасымыз Н.Назарбаев Ұлытау төрінде берген сұхбатында: «Біздің еліміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп, тәуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек. Біз кеше ғана пайда бола қалған халық емеспіз», - деген еді.
Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін. Ұрпақтар бірінің жолын бірі жалғайды. Ол жол – Мәңгілік Елдің жолы! 25 жылдың ішінде еліміз бүкіл әлемге танылып, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарды қалпына келтірді.
Бұл әрине, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қай кезде де қоғамдағы тұрақтылықты, әлеуметтік татулықты көздің қарашығындай сақтауға айрықша назар аударғанының нәтижесі, көрегенділігінің арқасы деп білеміз.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып, Талас аудандық тарихи-өлкетану музейінде де бірқатар іс –шаралар, көрмелер, мерекелік кештер ұйымдастырылуда.
Бұл іс – шаралардың мақсаты - жастарымызды музейдегі тарихи құнды жәдігерлермен, ерте кездегі халқымыздың тұрмыс – тіршілігімен, салт – дәстүрімен, әдет - ғұрыптарымен, мәдениетімен таныстырып, тәуелсіздікті сақтап, Отанды, елді, жерді қорғауға, саналы да, білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік! Ендеше, бізде өз тарапымыздан болашақта Қазақ Елінің тірегі мықты, тілеуі тұрақты, білегі күшті болсын дегіміз келеді.
Райхан Әбдіхалықова,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы