Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Өсіп - өркендеу жолында

Болат РЫСМЕНДИЕВ,
Талас ауданының әкімі.


Нақтырақ тоқтала кетсек, жылына 15,0 мың тонна цианид натрий шығаратын зауыттың құ­рылысы, яғни, «Talas Investment Company» ЖШС инвестициялық жобасы жүзеге асты. Жобаның жалпы құны 12,9 млрд. теңгені құрады. «Talas Investment Company» ЖШС Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі цианид натрийін өндіретін алғашқы химия зауыты болып есептеледі. Цианид натрий өндіру барысында қалдықтарды кәдеге жара­туда жылына құнды минерал тыңайтқышы 5,0 мың тонна сульфат алы­на­тын болады. Жыл басынан бері 450 жұмыс орыны ашылды. Бұдан бөлек, 66 адам қосалқы шаруашылықтан жұмыс тапты.
Өткен жылы ауданда жалпы құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын 1 инвес­ти­циялық жоба өңірлік индустрияландыру карта­сына енгізілген болатын. Яғни, «Жамбыл Недр» ЖШС жылына 300,0 мың тонна М-400, 500 маркалы цементін өндіреді. Зауыт құрылысына 4,0 гектар жер телімі бөлінді. Кәсіпорын­ды іске қосқан жағдайда 150-200 адам жұмыспен қамтылады. Шикізат көзі ретінде «Сүлейменсай» карьерінің әктасы мен топырағын пайдалану көзделіп отыр. Жалпы құры­лыс жұмыстарының 100 пайызы жасалынып, қондырғылар қойылуда. Қазіргі таңда зауыт­тың құ­рылыс жұмысына 162 адам тартылған, оның ішін­е жұмыспен қамту орталығы арқылы 99 адам келді.
Қаратау қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан карьерге электр желілерін тарту үшін 97,0 млн. теңгеге жобалау-смета құжаттары Жамбыл облы­сы әкім­дігінің кәсіпкерлік және индустриялық - ин­но­ва­циялық дамыту басқар­масына тапсырылып, өңір­лік үйлестіру кеңесінің оң шешімін алды.
(Соңы. Басы 1-бетте).
Бұдан бөлек зауыттың инфрақұрылымына жоба­лар жүргізуге 1,2 млрд. теңгеге жобалау-смета құ­жаттары тапсырылып, өңір­лік үйлестіру кеңесінің қолдауына ие болды.
Ауданда биыл жал­пы құны 1 946,0 млн. тең­ге­ні құрайтын 1 инвес­ти­ция­лық жоба өңірлік индуст­рияландыру карта­сына енгі­зілді. «Қаратау Про» ЖШС жылына 110,0 мың тонна мәрмәр тас өңдеп шығаратын зауыт салуды мақ­сат етіп отыр. Қазіргі таңда зауытқа италиялық құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Зауыт пайдалануға беріл­ген­­де 60 адам жұмыс іс­тей­ді. Карьер толықтай гео­ло­гиялық зерттеуден өт­кізілді. Бүгінгі таңда 100 адам жұмыспен қамтылған және 4 қосалқы тапсырыс алушы кәсіпорын жұмыс атқарады.
Қаратау-Тамды тасжо­лының бойынан 20 гектар жер телімі бөлініп, онда индустриялық аймақ құры­лып, «Игілік» коммуналдық кәсіпорнына берілді. Бұл жерге арнайы киім тіге­тін цех, әк өңдейтін, кірпіш шығаратын және тағы бас­қа кәсіпорындар шо­ғыр­ландырылады. Инфрақұ­ры­лым құрылысына 194,0 млн. теңге қажет. Жобаның құны 672,0 млн. теңгені құрайды.
Жасыратыны жоқ, ау­дан­да сүт және ет өні­мін өндіретін цехтар тапшы. Осы бағдарлама ая­сында тәулігіне 2 тонна сүт өндіретін цех ашу мақ­­сатында жұмыстар жаса­луда. Жобаның құны 20,0 млн. теңге. Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету үшін 2 жерге сүт сақтайтын мұздатқыш орнату көзделуде. Сүт өнімін тұрақты алып тұру мақсатында шаруашылық иелерімен келісім жасалды.Бұл орайда ауыл шаруашылы-ғын қаржылай қолдау қоры 5,5 млн. теңге несие бөлді. Бұған қосымша 3,0 млн. теңге болатын мемлекеттік грант ұтып алып жұмыс жа­салуда. Нәтижесінде құ­рал-жабдықтардың 95 пайы­зы ор­натылды. Сондай-ақ, «Атамекен Мрамор Көк­тал» ЖШС мәрмәр тасы­на плиталық тастар, баспалдақтар, кірпішке ар­нал­ған табиғи тастар шығарумен айналысады. Жобаның құны – 15,0 млн. теңге. Жылына 20,7 мың тонна ұнтақталған тас өңдеп, 103,6 млн. теңгенің өнімін өндіріп шығаратын болады. «Азмина Мрамор» ЖШС дәл осындай кәсіпті қолға алды. Ал, «Жамбыл-Недр» ЖШС қуаттылығы күніне 5 тонна құрайтын әртүрлі құрылыс материалдарын «Шебер» деген логотиппен шығармақ.
Жалпы алғанда, «Бизнес­тің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша биыл 92 млн. теңгенің 16 әлеуетті жобасы ұсынылып, «БанкЦентркредит» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 29 млн. теңгенің 4 жобасы оң шешімін алды. Бұл қаржы аудан орталығында «Аида» дүкенін заманауи ша­ғын маркет етіп ашу, қымыз өндірісін, жиһаз шығаратын цехты дамыту және дәрі-дәрмек таситын автокөлік алу­ға жұмсалады. Одан бөлек кә­сіпкерлердің 83,5 млн. тең­ге болатын 10 жобасы екінші деңгейдегі банктерге қарауға ұсынылды.
Талас – негізінен ауыл шаруашылығы дамыған аудан. Өңірде ауыл шаруашылығы өнімін молайту, өнім сапасын арттыру бағытында кешенді шаралар қабылданған. Олар­дың орындалу барысы жі­ті бақылауға алынып отыр. Бүгінгі таңда ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің көрсет­кіштері тұрақты өсу үстінде. «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша биыл «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жә­не «Әулие-Ата» несие серік­тестігі аудандағы 20 шаруа қожалығының 23 жобасын мақұлдап, олар 197,02 млн. теңге несие алды. 2013-2020 жылдарға арналған Жам­был облысының ауыл ша­руашылығы құрылымдарын ірілендіру бағдарламасы бойын­ша биылғы жылдың 8 айындағы статистикалық мәліметке сәйкес 772 шаруа қожалығы тіркелген.
Биылдан бастап «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заң күшіне енуіне сәйкес, 3 ауылдық округте 4 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жұмысы ұйымдастырылуда. Мал ша­руа­шылығын өркен­де­ту­­дің бір жолы – жайылым­дықтарды суландыру бағдар­ламасы бойынша С.Шәкіров ауылдық округінде «Ахай» шаруа қожалығы 15 011,8 мың теңгеге 2 құдық және «Казагромаркетинг» АҚ ар­қылы 12 009,44 мың теңге инвестициялық қаржы алып, тағы 1 құдық қазып жатыр. Сонымен қатар, Үшарал ауылдық округінде «Әден» шаруа қожалығы да құдық қазуға кірісті.
Ауыл шаруашылығы тех­никаларын жаңалау бойын­­­­ша ауданда ағымдағы жылдың өткен мерзімі ішінде жаңа­дан 8 “МТЗ-80” тракторы және 22 ауыл шаруашылығы агрегатын, оның ішінде ли­зинг жүйесімен «ҚазАгро­Қаржы» АҚ арқылы 5 “МТЗ-80” тракторы және 11 ауыл шаруашылығы агре­гаты жә­не нақты ақшаға 3 трактор, 11 агрегат сатып алынды.
Әрине, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы тарих үшін қыс­қа ғана мерзім болғанымен, бұл қазақстандықтар үшін айтулы кезеңге айналды. Аға буын егемен еліміздің тұғырын бекемдей түссе, жастар үшін тәуелсіздікті сақтау, елге қызмет ету деген қасиетті міндеттер әлі алда тұр. Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейтойын Қа­зақс­тан әлеуетті, айбарлы мемлекет ретінде қарсы алғалы отыр. Оған сіз бен біз куәміз. Тәуелсіздіктің тұнық ауасымен тыныс алған жылдары аудан экономикасы да өсіп-өркендеу жолына қадам басты. Елбасымыздың жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына арна­ған Жолдаулары бола­ша­ғымыз­дың бағдаршамына айналып, атқарылар ау­қымды істерге тың серпін бергені анық.
Жамбыл облысы.
Суреттерді түсірген:
Ақәділ РЫСМАХАН.
(“Егемен Қазақстан” газеті 13 қазан 2016 жыл).

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер