Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Егемендік елдігімізді еселетті


25 жылда ауданымыз қанша ауыртпашылықты бастан кешірді. Ауызбіршілігінің арқасында қиындықтарды артта қалдырды. Қазір төрт түлігімен тірлік жасап, өрісін кеңейткен жандардың қарасы көп. Біз бұған сонау қиырда жатқан Кеңес ауылдық округіне қарасты Көшек батыр елді мекенін аралау барысында көз жеткіздік. Ауыл тынысымен танысып, көңіл марқайды. Қан­нан қаперсіз ісін айналдырған азаматтар мен шуақты күніне ризашылығын білдірген жұртты көріп, Тәуелсіздігімізге тәубе дедік.
Ауылда кешегі құлазыған кейіптің жұрнағы да жоқ. Тас төселген көшелер, бой түзеген әсем нысандар мен заманауи үлгідегі мектеп ғимараттары мұндағы артқарылып жатқан жұмыстардан хабар береді.
-«Ауыл-қазақтың тамыры, табиғаты». Жергілікті әкімшілік жүктелген міндеттерді жүзеге асыру арқылы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық да­муына ықпал етеміз,-деді Кеңес ауылдық округінің әкімі Болатжан Дуанбек.
-Округ бойынша 1630 тұрғын бар. 2 мектеп, 2 балабақша, 2 клуб, 2 пошта, 22 шаруа қожалығы, 7 сауда орны тіркелген. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» мемлекеттік бағдарламасы бойын­­ша шаруа қожалықтары не­­сие­­ге қол жеткізіп, лизингке қажет­ті техникаларын алуда,-деді ауыл әкімі.
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге де кең қолдаулар көрсетіліп келеді. Табыс еңбекпен еселенеді.Табанды іске тәуекел еткен шаруашылықтың бірі- «Дүйсенбі» шаруа қожалығы. Ата кәсібіміздің білгірі, озық шопан Елемес Бекбасаровтың игі ісі балаға жұғысты болса керек, өнегелі әкенің ізін ұрпақтары жалғастырып келеді. Мұнда төрт түліктің барлығы бар. Жайылымдағы малға бас-көз болып жүрген шопанның ұлы Мадиярдан шаруа жайын сұрағанымызда: -Қазір шаруа қожалықта 600 бас қой, 40 мүйізді ірі қара, 50 жылқы және 50 түйе бар. Оларға жем-шөпті де дайындайтын 2 тракторымыз жүріп тұр. Биыл жылдың ылғалдылығына байланысты шөп бітік шықты. Су қоры да жеткілікті. Кеңес өкіметі зама­нында мұнша малдың жеке адам­да болуы қылмысқа жататын. Міне, енді тәуелсіздік алып арқамыз кеңіді. Тірлік жасай­тын адамға қолдаулар жетеді,-деді.
Мұнан соң Ойық ауылдық округіне бағыт алдық. Бұл жерде де қызу қайнаған тірлік. Қол қусырып жүрген жанды көрмейсің. Ауылдағылардың дені мал шаруашылығымен айналысады. Тұрымқұл ауы­лының азаматы Мұса Ахметов те нәсібін кәсіптен айырып жүрген іскер азамат. Мемлекет бағдарламасы аясында «Қаз­АгроФинанс» АҚ-нан ли­зингке 2 жаңа трактор алып, жұмысын жеңіл­деткен. Онға жуық ауыл азаматтарын жұ­мыспен қамтып отыр. 1000 гек­тарға жуық жайылым мен 20 гектар суғармалы жерді иге­ріп отырған кәсіпкердің іскерлігі көпке үлгі.
Ия, бүгінгі жарық күн, жағымды жаңалықтың бәрі тәуелсіздігімізбен келді. 25 жыл­да жеткен жетістігіміз аз емес, бірақ, алар асуларымыз алда. Тәуелсіздігімізге тәу етіп, тұрақтылығымыз бен тату­лығымызды сақтасақ, ол күн де алыс емес.

Нарбол Қашаған, «Талас тынысы».

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер