Бағаны тұрақтандыру басты назарда
- Толығырақ
- Құрылды 18.10.2016 08:15
- Категория: Мақалалар
Аудан әкімі Болат Рысмендиевтің төрағалығымен өткен жиынға облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Х.Бегалиев, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының бас маманы Б. Орынтаев, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы азық - түлік мониторингі бөлімінің бас маманы М.Сейдыбаев, облыс әкімдігінің тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Б.Қалиев, облыс бойынша кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ә.Дәулетбаев, облыс бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің бөлім басшысы Р.Берік, «Тараз сауда-саттық компаниясы» ЖШС-нің баға жөніндегі менеджері, облыс бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілі Б.Байларбеков және аудандық штаб мүшелері қатысты.
Басқосуды аудан әкімі Болат Рысмендиев ашып, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Мұнан соң сөз алған облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Х.Бегалиев арнайы құрылған жұмысшы топтың мақсатымен таныстыра келіп, алдын-ала берілген мониторинг мәліметтеріне сүйене отырып, бірқатар мәселелерге тоқталды.
- Мониторинг мәліметтеріне сәйкес 33 атаулы азық-түлік тауарларының ішінде ауданда құмшекер және бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нанның бағасы шектен тыс жоғары. Осы аталған мәселе аудандық штаб отырысында қаралды ма?, - деген жұмысшы топ жетекшісінің сауалына аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы А. Тауасаров түсінік берді.
- Ауданда негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында арнайы штаб құрылған. Бөлім қызметкерлерінің тарапынан аудандағы 33 әлеуметтік азық-түлік пен басқа да тауарлардың бағасына күнделікті талдау жасалынып, апталық мониторинг қорытындысы облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына тұрақты түрде жіберіледі,-деді ол өз сөзінде.
Жиында қаралған мәселелерді жан-жақты саралаған Х.Бегалиев аудандық штаб мүшелеріне сауда нарығындағы орынсыз делдалдарды анықтау, алкогольді ішімдіктердің саудасына қойылатын шектеулер бойынша ақпараттарды тұтынушылардың назарына көрінетін орындарға ілу, сондай-ақ, халық тұтынатын, сұранысқа ие негізгі тауар түрлеріне бақылауды күшейту бағытында бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Жиыннан соң жұмысшы топтың мүшелері аудандағы сауда нүктелерін аралап, баға бағамына саралау жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, Қаратау қаласындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, жанар-жағармай бекеттері мен дәрі-дәрмек сататын дәріханаларды аралап сауда өкілдерімен, сауда орындарының басшыларымен , өндірушілердің ресми диллерлерімен және тауар өндірушілермен азық-түлік бағасын негізсіз көтермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мадина Жарас, «Талас тынысы».
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы