Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Баянды істердің басында


Моноқалалар қатарына енген Қара­тау күн санап көркейіп келеді. Әр жұмыстың жүйелі, талапқа сай жүргізілуі партияның қатаң бақылауында.
Мәселен, қаланың 65 көшесінде, «Мәңгілік алау» сквері, «Балалар қалашығы», «Жастар саябағы», «Самал» аялдамасы, «Тәуелсіздікке 20 жыл саябағы» бойына 895 жарық шамдары орнатылды.
Қаланың сәулеттік келбетін арттыру, тұрғындарға демалуға лайықты арнайы көркейтілген орындар әзірлеу мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.
Соңғы 2-3 жыл көлемінде «Жастар саябағы», «Балалар қалашығы», «Мәң­гілік алау» сквері абаттандырылып, қаламыз гүлденіп, көркейе түсті.
2015 жылы 110,4 млн.теңгеге орталық саябағына әткеншектер, электр желілерін ауыстыру, саябақ ішіндегі жолдарды жөндеу, арка орнату жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді.
Жаңадан өндіріс ошақтарының да құрылыс жұмыстары өркен жаюда. Натрий циандін өндіретін «Талас инвест компани» ЖШС-гі іске қосылды. Бұл өндіріс орны 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтуда. Олардың дені жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ, «Жамбыл-Недр» ЖШС-гі жылына 300,0 мың тонна М-400, М-500 цемент өндірмек. Бұл өндіріс орындары болашақта қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына едәуір серпін береді.
Көпшіліктің көңілін алаңдатқан қаладағы көлік жолдарының да мәселесі оң шешімін табуда. Халық қалаулыларының облыс әкімдігіне жолдаған депутаттық сауалы негізінде құрылыс жұмыстарын бақылайтын «Нұр Отан» партиясы жанынан арнайы комиссия құрылды. Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына өтініш білдірген азаматтардың саны артқан. Бұл бағытта біз тұрғындардың талап-тілектерін назардан тыс қалдырмауға тырысамыз.
Алдағы уақыттарда да жұ­мыстарымызға жауапкершілікпен қарап, елдің артқан үмітін ақтаймыз деген сенімдеміз.

Тыныс Сейдуанов,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесі бюросының мүшесі.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер