Теңдесі жоқ тарихи оқиға
- Толығырақ
- Құрылды 28.10.2016 08:13
- Категория: Мақалалар
Еліміздегі бірлік пен ынтымақтың нәтижесінде осындай жетістіктерге жетіп отырмыз. 1993 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 1000 есеге дейін жоғарылады. Соңғы 5 жылдың ішінде ғана елімізде индустриалды даму бағдарламасы аясында 950 жаңа кәсіпорын құрылып, 250 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
Тәуелсіздік жылдары өз қолымызбен жасаған игілікті істерді жоғалтпай, оларды жасампаздықпен жалғастырып отыру – ата-бабалар рухы алдындағы баршамыздың қасиетті парызымыз екенін естен шығармағанымыз абзал – ақ.
Халқымыз тарихтың талай соқпағынан сүрінбей өтіп, бүгінгі жетістіктерге жетуінің өзі зор бақыт. Олай болатыны, Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.
Сол себепті де Тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, маңызы айрықша.
Тәуелсіздік - бүкілхалықтық мереке, әсіресе, қазақтар үшін теңдесі жоқ, аса маңызды тарихи оқиға еді. Біздің халқымыз - өзінің сан ғасырлық тарихында қалыптасқан игі дәстүрімен өзге ұлттың мәдениеті мен салт- дәстүріне құрметпен қарай алатын кең пейіл қасиетімен дараланатын халық.
Бүгінде Қазақстан - бүкіл әлем мақтанышпен назарын аударған мемлекетке айналды. Осы уақыт аясында дербес кеңістік қалыптасып үлгерді, нарықтық қатынас орнығып, әлемдік қауымдастық та бел ала бастады.
Тәуелсіз Қазақстанымыздың Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық теңгесі, ең бастысы - егемендігі бар. Еліміздің болашағын аса көрегендікпен болжай алатын, оның ішінде, ынтымақ пен бірлікті орнатып отырған президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіздігімізді баянды етудегі еңбегі ерен-ақ. Зор мақтанышпен айта алатын еліміздің бас қаласы - Астана да күннен күнге гүлденуде.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік жылдары республикамыз тарихи даму тұрғысынан ғажайып жетістіктерге жеткендігін айтты.
«Біздің Қазақстан – Ұлы Дала Елі, Жаңғырған Ұлы Дала Елі. Бұл біздің асқақ аңсарымыз әрі ерекше мақтанышымыз. Қазақстандықтардың болашақ ұрпағы біздің жетістіктерімізді лайықты бағалап, мақтан тұтарына еш күмән жоқ. Олар біздің тәжірибемізден даналықтың, сындарлы іс-әрекеттің және кез-келген қиындықтың алдында иілмес беріктіктің үлгісін көретін болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан 400-ден астам көпжақты және 700 екіжақты келісімге қол қойды.
Адам баласының жасымен өлшер болсақ 25 жыл нағыз тепсе темір үзетін жігіттің жасы. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық осынау уақыт ішінде каншама қиындықтарға қарсы тұра білді. Сол жылдары рух пен мінезді сынаққа алды. Тарихтан тұмар боп қалған рухымыз өшпеді, сақ бабамнан келе жатқан сағымыз сынбады. Бастысы - тәуелсіздігіміздің таңы атты. Елбасымыз осы таңның шапағатынан шуақ алатынымызға сенім артты және алға жетеледі.
Міне, санаулы күндерден кейін азаттық туымызды желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына қадам басамыз. Біздің мақсатымыз әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу. Елі бақытты, жері бай қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік ел» ету!
Туған Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан қарышты қадаммен дамып, өркендей берсін!
Асхат Сақыпбеков
Талас аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы