Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Тұрақтылық, бірлік жолындағы еңбек еселі

Мадина Жарас, «Талас тынысы»

Сәрсенбі күні Ұлбике ақын атындағы мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының XVIII есеп беру, сайлау конференциясы өтіп, оның жұмысына мемлекеттік басқару органдарының қоғамдық ұйымдардың басшылары, партия аудандық филиалы саяси кеңесі мен саяси кеңесінің бюро мүшелері және бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 351 делегаттың 345-і қатысты.


Партия аудандық филиалының XVIII есеп беру, сайлау конференциясында аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Болат Рысмендиевтің партия аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2014 жылдың қарашасы мен 2016 жылдың қарашасы аралығында атқарған жұмысы жөнінде есебі тыңдалды. 

- Өткен мерзім маңызды саяси оқиғаларымен ерекшеленді. «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVI және XVII съездері өтті. Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Партияның кезектен тыс өткен XVII съезінде «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық.» сайлауалды бағдарламасы қабылдан­ды. Есепті мерзім ішінде «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бағытында партияның аудандық филиалы Саяси кеңесі бюросында негізгі жұмыстардың тізбегі жасалып, олар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалына қарасты 41 бастауыш партия ұйымдары бар, бүгінгі таңда олардың 32-і жеке кабинетпен қамтылып, материалдық-техникалық жағынан жабдықталған. Бастауыш партия ұйымдарында іс қағаздарын номенклатураға сәйкес жүргізу, ішкі партиялық тәртіпті реттеу, мүшелік жарнаны дер кезінде өткізу сияқты жұмыстар жолға қойылған. 2015 жылы 10 млн. 557 мың 240 теңге мүшелік жарна партияның есеп шотына құйылса, 2016 жылдың 1 қазанына бұл көрсеткіш 8 млн. 839 мың 629 теңгені құрады. 

Партияның халықпен арадағы байланысын тереңдетуде бастауыш партия ұйымдарына үлкен жауапкершілік жүктелген. Себебі, БПҰ-ның жұмысы жанданса ғана, партияның жұмысы нәтижелі болмақ. Осы орайда айта кететін бір жайт, өткен бастауыш партия ұйымдарының есеп беру, сайлау конференцияларында 10 БПҰ төрағалары ауысты.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткен 2015 жылы 114 азаматтың өтініші қаралған болса, үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап бүгінге дейін 128 азаматтың өтініші бойынша жеке мәселелері қаралды. Мұндай өтініштер негізінен тұрғын үй, жұмыссыздық мәсе­лелері төңірегінде болғандықтан жіті қа­ралып, көпшілігі оң шешімін тапты. Ал, кейбіріне заңнамалық түсініктер берілді. Партияның саяси Доктринасына сәйкес бүгінгі таңда әлеуметтік топтармен жұмыс жасауда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының атқарар рөлі артып отыр. Өткен сайлауда депутаттық корпустың құрамы жаңарды. Есепті мерзім ішінде, партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының ұйымдастыруымен фракцияның 7 отыры­сы мен 2 семинар-кеңес өткізілді,-деген аудан басшысы, партия төрағасы Болат Рысмендиев есепті баяндамасында «Нұр Отан» партиясының 9 жобасы негізінде ауданда жүзеге асып жатқан түрлі бағыттағы әлеуметтік бағдарламалар, қайырымдылық акциялары мен көпшілік іс-шаралар, «100 нақты қадам”-Ұлт жоспарын іске асыру бағытындағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған ауқымды істерді жеке-жеке атады.
Есепті жиын барысында жарыссөзге шыққан Қаратау гуманитарлық-техни­калық колледжінің директоры, партия бақылау комиссиясының төрағасы Д.Мәселбеков, «Тамды» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ө.Дүйсенбиев, «Аққұм» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары А.Жамбайбеков, партия ардагері Т.Жұмабек, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Н.Манатбеков партия аудандық филиалы Саяси кеңесінің есепті мерзім ішінде атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, қанағаттанарлық деп тапты. Мұнан соң сөз алған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Б.Алдашов партияның облыстық және аумақтық филиалдарының жемісті жұмыстарын баяндай келе, әлеуметтік маңызды салалар бойынша қол жеткізген оң нәтижелерге тоқталды.
Партияның есеп беру, сайлау кон­ференциясының соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулы қабыл­данып, облыстық конференцияға делегаттар сайланды. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағалығына аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев бірауыздан қайта сайланды.
Конференциядан соң саяси кеңес мүшелерінің отырысы өтіп, онда саяси кеңестің бюро мүшелері сайланды.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер