Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Таластық таланттардың тың бастамасы

Нарбол Қашаған, "Талас тынысы"

Туған топырақтың қасиетін бойына сіңі­ріп, елге деген құрметін әуенмен жет­кіз­ген Таластың талантты сазгерлері ауданы­мыз­да бас қосып, өнерсүйер қауымға шығар­машылық кеш-концертін ұсынды.


Аудан әкімдігі мәде­ниет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдас­тыруымен Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында өт­кен өзіндік өрнегі бар тың бастама ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.
Ұлтты өлтірмейтін өмір­шең өнері мен төлтума қасиеті. Бойына ән қонған, халықты әуенмен тербеген талант иелерінің ұсынған саз кеші көпшілік көңіліне қанат бітірді.
Уақытында жастардың жарыса шырқап, жастана жаттаған, әлі де құны жоғалмаған сыршыл сазгер Орынбасар Әбжаппаровтың «Аққулар» және «Қызыл көйлек киген қыз» атты әндерін танымал әнші Жасан Тілеубеков пен Қайрат Сапақовтың орындауында жүрекке жетсе, жанға жылы тиетін талай тамаша туындылардың авторы Қуандық Кенжебаевтың асқақ рух пен адал сезімге толы Нарша Қашағанұлының сөзіне жазылған «Таласым» мен балаларға арналған «Кішкентай ғана бөбегім» әндеріне үлкен қошемет көрсетті.
Ақын мен сазгер қатар аталатын егіз ұғым. Кеш барысында болашағынан көп үміт күттіретін жас ақындар Жәудір Арқабаева мен Ерімбет Досалының мазмұнды өлеңі мен жағымды мақамын жырсүйер қауым жылы қабылдады.
Қазақ эстрадасында қаншама орындаушының жолын ашқан, жұлдызын жаққан әндердің авторы Сәрсенбек Бәкіров пен Әуесхан Салабековтың жеке орындауындағы шығар­малары кеш шырайын арттыра түсті. Әсіресе, Әуесхан Салабековтың «Туған жер» әнін бөлек ырғағы бар жас талант Мейіржан Са­мылтыров тыңдаушыларға шебер жет­кізе білсе, саз өлкесінде өзін­дік орны бар Әбен Шалқарбаевтың әуезді ән­дерін облыстық филар­мо­нияның қызметкері, жер­лесіміз Жанатбек Қәдіров өз мақамымен жоғары деңгей­де шырқап шықты.
Сондай-ақ, кеште «Ән әле­мінің Әбиірбегі» атан­­ған, тағылымға толы, тол­ғауы те­рең туындылардың авторы Әбиірбек Тінәлиев жалпақ жұртқа таныс «Фариза қыз», «Желтоқсан желі ызғарлы» әндерін тыңдармандарға өз орындауында жеткізді.
Мұнан соң таланттар­дың қатарын табандылығы және таудай талабымен толықтырып келе жатқан, сазгер Асқар Жылқыбаев төл туындыларын тарту етті.
Кеш соңында сөз алған аудан әкімі Болат Рысмендиев туған жер топырағында таланттардың басын тоғыстырған тың шараға өз ризашылығын білдірді.
- Сазгерлеріміздің әдемі әуендері қай жанды бол­сын тебіретпей қоймай­ды. Таланттар өнерімен өміршең, сырлы мәнерімен мәңгілік. Бүгін ортақ сахнада бас қосуы елге деген құрметі. Біз ауыл-аймақта жүрген таланттарды тауып, ортаға таруымыз керек. Олардың бабын келтіріп, бағын ашсақ өлкеміздің өнер өрісі де кеңейеді, - деген аудан басшысы өнер иелеріне ұйымдастырушылар тара­пынан дайындалған арнайы сыйлықтарды табыс етті (суретте).

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер