Кеніштің келешекке бағдары кең
- Толығырақ
- Құрылды 22.11.2016 05:22
- Категория: Мақалалар
Дүйсен Молдақұлов, "Талас тынысы"
Амангелді газ кеніші алғаш ашылғанда аудан жұртшылығының қуанышында шек болмағаны рас. Енді міне, бірнеше ауылдар мен әртүрлі әлеуметтік нысандар өзіміздің көгілдір отынның игілігін де көріп отыр. Осынау шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
«Амангелді газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биылғы жылдың 9 айында 5195,1 миллион теңгенің өнімін шығарды. Соның ішінде, 228,9 миллион текше метр газы өндірілді. Ал, өткен жылы бұл көрсеткіш тиісінше 3102,2 миллион теңгені құраған, 215 миллион текше метр газ өндірген еді.
Амангелді газ кенішінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында келген аудан әкімі Болат Рысмендиев «Амангелді газ» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Сержан Ислямовпен жолығып, өндіріс орнының мән-жайына қанықты.
- Өткен жолы ауданның ахуалынан хабардар болу мақсатында Қаратау қаласына арнайы ат басын бұрғанмын,-деген Сержан Нәбиұлы келесі кезекте аудан әкімін болашақтағы жоспарларымен де тыныстырды, - биыл жыл соңына дейін 3 ұңғыманы пайдалануға беріп, жаңа зертхана ашу ойымызда бар. Ал, келер жылы «Айрақтыда» жаңа шағын зауыт ашуды көздеп отырмыз. Сонымен бірге, ағымдағы жылы 5195,1 миллион теңгенің инвестициясын тартуға қол жеткіздік,-деді.
Өз кезегінде Болат Қанатбайұлы ауданымыздың бүгінгі әлеуметтік – экономикалық өмірі туралы әңгімеледі.
Бұдан кейін Сержан Нәбиев аудан әкімін «Амангелді газ» ЖШС-нің өндіріс орындарымен және жұмыс процесімен таныстырды.
Сапар барысында аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров пен “Амангелді газ” ЖШС-нің учаске бастығы Ержан Қалматаев болды.
Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Арман Қайратұлы Евниев іс сапармен Қаратау қаласына келді.
Мемлекеттік инспектор өз жұмысын халық игілігіне ұсынылуға дайын тұрған аудандық жаңа емхананың ішін аралап, бөлмелерге қойылған медициналық жабдықтармен танысудан бастады.
Құны 1 миллиард 125 миллион 924 мың теңге болатын емхана құрылысын жүргізген «Корпорация Жилстрой Тараз» ЖШС-і (директоры – М.Өмірбаев) жұмысына ризашылық танытқан Арман Қайратұлына аудандық аурухананың бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев заманауи медициналық жабдықтардың маңызы мен тиімділігін түсіндірді.
Орталық саябақты аралаған астаналық инспектор мәдени демалыс орнының ажары мен аумағының үлкендігіне деген таңданысын жасыра алмады. Аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев саябақтың қала халқы үшін маңызы ерекше екенін айтып, ауыл өнерпаздары жаз бойы осы жерде қалалықтарға ән мен күй, мың ырғақты би сыйлағандарын жеткізді және Орталық стадионда жастар күнделікті спортпен шұғылданып, облыстық, республикалық жарыстарда жүлде салып жүргендерінен де мағлұмат берді.
Бұдан кейін Арман Евниев лицейде болып, оның тыныс-тіршілігімен танысты, оқушыларға сапалы білім алып, елді көркейту жолында аянбай еңбек етуге шақырды.
Бұл іс сапарында Мемлекеттік инспектор 3-мөлтек аудандағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан 120 пәтерлік №51 үйде, «Talas Investment Company» ЖШС-де болып, зауыт жұмысымен және қалалық орталық қазандық жұмысымен танысты.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы