Жасампаздық жылдары
- Толығырақ
- Құрылды 06.12.2016 07:07
- Категория: Мақалалар
Мадина Жарас, "Талас тынысы"
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс орталығы Тараз қаласынан шыққан автокеруен өткен аптада ауданымызға келді. Облыс аумағындағы барлық аудандарда болған автокеруен құрамында халыққа тегін медициналық қызмет көрсететін дәрігерлер, белсенді жастар мен өнерпаздар, сондай-ақ, ауылшаруашылық тауарлары тиелген жүк көлігі де келді.
- Еліміз егемендігін алған ширек ғасырда қарыштап дамыған әлеуметтік сала мен еселеп артқан экономикалық әлеует, ел игілігі жолында атқарылып жатқан іргелі істер мен қол жеткен толайым табыстар Тәуелсіздіктің еншісінде. Осы 25 жылдың бедерінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылып, бүгінге дейін жалғасын тауып отырған мұндай ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесі шарапатты шаралардың бір парасы ғана. Тәуелсіздік тойының қарсаңында қолға алынып, жүзеге асып жатқан ауқымды істер алдағы уақытта да жалғасын таппақ, - деген аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнер-кәсіп бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров сөзін Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай деген ізгі тілекпен түйіндеді.
25 жылдың ішінде мемлекетте жүзеге асқан жасампаз істерді насихаттау, ел бірлігін нығайту мен жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында, сонымен қатар, аймаққа қарасты елді мекендердегі тұрғындарды тегін медициналық тексеруден өткізу, арзандатылған бағада азық-түлік тауарларын ұсыну үшін ауданымызға ат басын тіреген «Тәуелсіздікке - 25 жыл» автокеруенін Қаратау қаласының тұрғындары орталық алаңда қарсы алды. Бұл күні халық күнделікті тұтынатын негізгі азық-түлік тауарлары нарықтағы бағадан едәуір төмен бағамен сатылды. Көпшілікке арнайы концерттік бағдарлама ұсынған облыс өнерпаздары мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мұнан соң автокеруен Тамды ауылына барып тұрғындарға азық-түлік тауарларын арзандатылған бағада ұсынды.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы