Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Байқауда бағы жанды

"ТТ"-ақпарат

Жақында Алматы қаласындағы оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Соғады жүрек » атты республикалық байқау болды.


Байқау ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында өтті. «Ән» және «Көркемсөз» номинациясы бойынша болған байқауда А.Бай­тұрсынұлы атындағы гимназияның 1 «Ә» сынып оқушысы Рамазан Нұркелдіұлы бағын сынап қайтты. Рамазан мектеп табалдырығын аттамастан оқу, білімге деген ынта –жігерімен өз қатарластарынан ерек көрінген зерек бала болды. Әкесі Нұркелдінің үйретуімен ақынның «Үш бақытым» өлеңін жатқа оқып, өнерімен көпшілікті тәнті етті және республиканың түпкір-түпкірінен қатысқан оқушылар арасында «Көркемсөз» номинациясы бойынша жүлделі екінші орынға ие болды.
Байқауда бағы жанып, ұстаздары мен ата-анасының үмітін ақтаған Рамазанға алда да алар асуларың көп болғай демекпіз.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер