Жұмыс қорытындысы шығарылды
- Толығырақ
- Құрылды 17.01.2017 04:30
- Категория: Мақалалар
Нарбол Қашаған, "Талас тынысы"
Талас аудандық сотының төрағасы Жамбыл Жұмабеков 2016 жылдың 12 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
- Аталған уақытта 91 тұлғаға қатысты 78 қылмыстық іс қаралды. Оның ішінде, 59 қылмыстық іс бойынша 63 тұлғаға қатысты үкім шығарылып, 3 қылмыстық іс бойынша 4 тұлға сот үкімімен ақталды. 12 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталды. 2016 жылдың 12 айында барлығы 1248 азаматтық іс қаралып, 444 азаматтақ іс бойынша шешім қабылданды. 85 азаматтық іс өндірістен қысқартылып, 31 азаматтық іс қараусыз қалдырылды. 685 сот бұйрығы шығарылды. Медиация тәртібін қолдану арқылы 47 азаматтық іс, 1 азаматтық іс партисипативтік рәсіммен. 14 іс бітімгершілік келісіммен аяқталды. - деген Жамбыл Жұмабеков “Медиация туралы” Заңын қолдануға көп көңіл бөлініп отырғандығын жеткізді.
Сот төрағасының айтуынша, өткен жылдың өзінде 425 тұлғаға қатысты 425 әкімшілік іс қаралған, оның ішінде, 380 тұлғаға 380 әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылған. Ал, 44 тұлғаға қатысты 44 әкімшілік іс өндірісімен қысқартылған.
Кездесу соңында Жамбыл Маманханұлы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық туралы қабылданған заңның қолдану тәртібін түсіндірді.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы