Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Табиғаты таза таңғажайып тұлға

Қамысбай Сауқымов, "Талас тынысы"

Сексен бір жыл, сегіз айды тауысып,
Бұл фәниден бақиға кеткен ауысып.
Дидарынан нұр төгілген - Нар тұлға,
Халқыменен жатыр бүгін қауышып, - деп найзағай сынды Нарша ақын жырлап кеткен ХХ ғасырдағы қазақтың кемеңгер ұлы, өз заманының заңғар саясаткері, мемлекет және қоғам қайраткері, Алты Алаштың айбарлы ақсақалы атанған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың кемеңгерлігі, адамдығы мен адалдығы, ойының тереңдігі, ел басқарудағы ғұламалығы ел аузында тамсана айтар әңгіме, аңызға айналғаны қашан. Сағынады. Сағына отырып Димекеңдей таутұлғаны естеріне алады.


Ғасырдың ғажабына теңелген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына биыл 105 жыл толып отыр. Осыған орай, қаламыздағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектепте “Қонаев - ғасыр адамы” атты салтанатты жиын өтті.
Жиында сөз сөйлеген мектеп директоры Дидар Битенова Ораз Қауғабайдың “Д.А.Қонаевтың 12 қасиеті” деген мақаласынан үзінді келтіріп, Димаш ағаның еңбектеріне тоқталды.
Шынында да, әл-Фараби бабамыздың даналығы бойынша кемеңгер патшаға тән 12 қасиеттің бәрі Дінмұхамед Ахметұлының бойында тоғысқандай екен.
Бұл қасиеттер Димекеңді одан сайын асқақтата түсетіндей. Бұдан кейін Димекеңді қалайша кемеңгер, қалайша ғасыр адамы демеске.
Аудан әкімдігі білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Сәуле Сағынбекова Д.А.Қонаев­тың елі үшін атқарған еңбектері мен асыл қасиеттерін саралай келе, жиынға қатысушы оқушыларды Дінмұхамед атасындай білімді, елінің жанашыры, айтулы тұлға болуға шақырса, К.Маркс мектебінің директоры Әсем Әбдіразақова да ұлттың рухани ұстазы Д.А.Қонаевтың ғибратты ғұмыр белесіндегі айшықты өмір өрнектері туралы баяндап, мектепке бағалы сыйлық табыс етті.
Сондай-ақ, аудандық тарихи өлкетану музейінің экскурссия жетекшісі Марина Сидалиева Д.АҚонаев жөніндегі белгілі саясаткерлер айтқан саяси мәні бар мағлұматтардан хабардар етіп, кемеңгер тұлғаның болмысына өзінің жылы лебізін білдірді және ол осы жиынға арнайы музейден әкелген Димекең қолынан өткен құнды жәдігерлермен таныстырды. Олардың ішінде Д.А.Қонаевтың жерлес ақын Нарша Қашағанұлына берген қаламсабы мен қолтаңбасы қойылған өзінің суреті де бар.
Жиын соңы оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Жиынға қаладағы мектеп директорлары, білім бөлімінің қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысып отырды.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер