Бастауыш партия ұйымдары біріктірілді
- Толығырақ
- Құрылды 20.01.2017 09:46
- Категория: Мақалалар
Индира Еркінқызы, "Талас тынысы"
Партия аудандық филиалы мәжіліс залында Саяси кеңес бюросының отырысы өтті. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Қартабаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес бюро отырысына аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен партия белсенділері қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігі Жарғысының 9,8-тармағын және «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңес бюросының 2015 жылдың 31 желтоқсандағы №039 қаулысымен бекітілген «Бастауыш партия ұйымы туралы» Ереженің 7-тармағының 22-тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудандық филиалына қарасты территориялық жағынан жақын орналасқан бастауыш ұйымдарын біріктіру туралы мәселе қаралды.
Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша бүгінгі күнге дейін жеке атауларымен тіркелген бірнеше бастауыш партия ұйымдары біріктіріліп, атаулары өзгертілді.
Сонымен, «Құрт ауруханасы» мен «Аудандық аурухана» біріктіріліп, «Денсаулық» бастауыш партия ұйымы болса, «Бірлік» пен «Газ учаскесі» бірігіп, «Бірлік» бастауыш партия ұйымы болып, «Интерсистема» мен «Ізгілік» біріктіріліп, «Ізгілік» бастауыш партия ұйымы деп аталды. Ал, «Феруза», «Қызмет», «Пошта» бірігіп, «Бәйтерек» бастауыш партия ұйымы болып аталса, «Темір жол», «Электр желілері», «Телеком» бірігіп, «Байланыс» бастауыш партия ұйымы болды. Сонымен қатар, «Дента», «Шипагер» бірігіп, «Шипагер» бастауыш партия ұйымы болса, «Сарытас» пен «Talas Invesment Company» біріктіріліп «Өндіріс» бастауыш партия ұйымы болып бекітілді. Жалпы, аудан бойынша 41 бастауыш ұйымы болса , біріктірілуден соң 33 бастауыш ұйымы жұмыс жасамақ.
Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселеге қатысты қаулы шығарылып, орындалуы Ғ.Қартабаевқа жүктелді.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы