Депутат белсенділігі уақыт талабы
- Толығырақ
- Құрылды 24.01.2017 08:41
- Категория: Мақалалар
Құдиярбек Омаров Талас аудандық мәслихатының IV, V шақырылымдарының депутаты, 2004 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі. «Нұр Отан» партиясынан сайланған аудандық мәслихатының депутаты ретінде ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына өз септігін тигізіп келеді.
Атап айтар болсақ, Құдиярбек Кеңесбекұлы Есейхан, Қасқабұлақ ауылдық округтеріне, Қараой, Қожағаппар елді мекендеріне депутат болып сайланғаннан бері, ауылдың тұрмыс – тіршілігімен етене араласып, өзінің сайлауалды бағдарламасында көрсетілген, ауыл жолдарын жөндеу, тазалау жұмыстарын, су - тоған, әуіттермен арықтардың жөнделуін, ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларға көмек беру, бюджет есебінен ауылдардың әлеуметтік жағдайының дамуына қаржы бөлу, бөлінген қаржының нақтылы істерге жұмсалуын қадағалау бойынша өз міндетін мүлтіксіз атқарып, орынды ұсыныс пен өзекті мәселелердің оң шешім табуына ықпал етіп, аудан жұртшылығының алғысына бөленуде.
Іскер азамат Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, жағдайы төмен отбасыларға, «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасыларға көмек беруді жадынан шығарған емес. Жыл сайын қысқы мезгілде Есейхан, Қасқабұлақ, Қараой, Қожағаппар ауылдарының жолдарын қар басып, көлік қатынасы тоқтаған кезде Құдиярбек Кеңесбекұлы қала мен ауыл арасындағы жол қатынасын тез арада қалпына келтіріп, қажетті техникалармен қамтамасыз етіп отырады және Үшарал ауылындағы ұзындығы үш шақырымнан асатын жерге құны екі миллион теңге тұратын тоған салды. Ағын су жолдарын бөгейтін тоған, жаяу жүретін жолдарды тегістеу сияқты көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелердің бірі шешімін тапты. Үшарал ауылының тумасы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақтың теңдесі жоқ ақын қызы Күләш Ахметованың туған ауылында тұрған үйін көпшіліктің сұранысы бойынша қазіргі заманның талабына сай жөндеп алғысқа ие болды. Бұл ел тілегін ескерген ел ағасының нәтижелі жұмысы.Өз сайлаушыларымен кездесуді халық қалаулысы еш ұмытқан емес. Омаров Құдиярбек Кеңесбекұлының жұмысы алдағы уақытта да осылай жалғасады деген сенімдеміз.
А.Мырзаева,
«Нұр Отан» партиясы Талас аудандық филиалының қызметкері.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы