Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Ауыл балаларына қуаныш сыйлады

Аудандық мәслихаттың депутаты Садықбек Тілеубердиев Бөлтірік шешен ауылына арнайы ат басын бұрып, «Балбөбек» балабақшасының бүлдір­шін­­деріне сыйлықтар тарту етіп, қуаныш сыйлады.


Садықбек Тілеубердиев сонымен қатар, Үшарал ауылындағы «Ұлбике» балабақшасы мен осы ауылдағы шағын орталықта тәрбиеленіп жатқан бүлдір­шіндерге, Көшек батыр ауылындағы 25 орындық «Таңшолпан» шағын орталығының бүлдір­шін­деріне сыйлықтар табыс етті. Балаларға қуа­ныш сыйлаған атымтай жомарт азаматқа ауыл тұрғын­дары мен ата-аналар алғыстарын жаудырды.
Шынар Ахатаева,
«Балбөбек» балабақшасы кәсіподақ ұйымының төрайымы, Бөлтірік шешен ауылы.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер