Балалардың жай-күйі басты назарда
- Толығырақ
- Құрылды 07.02.2017 05:28
- Категория: Мақалалар
Индира Еркінқызы, "Талас тынысы"
Бүгінгідей технологияның дамыған шағында кез-келген ақпарат қолжетімді әрі жеделдетіліп жеткізілуде.
Бұл бүгінгі күннің басты талабы мен ілгерілеушіліктің көрінісі. Сонымен қатар, күнделікті эфирлердегі жаңалықтың жағымдысы мен жағымсызы болатыны заңдылық. Дегенмен, соңғы жылдары зорлық - зомбылыққа қатысты қылмыстық ақпараттар мен жаға ұстатарлық жайсыз хабарлар саны артып келеді. Осылардың ішінде бейкүнә, қорғансыз балаларға қатысты қылмыс пен өлім көбейе түсуде. Бұл қоғам болып ойланатын жәйт.
Осы орайда аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы кәмілетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы болып өтті. Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Кәдірбек Садубаевтың төрағалығымен өткен отырыстың күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы әзірлеген “Балаларды бірге қорғайық!” жобасының Жол картасы талқыланды.
Талқыланған мәселе бойынша сөз алған аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы Ғалымжан Тоқмырзаев “Балаларды бірге қорғайық!” жобасымен және оның жүзеге асуы үшін атқарылатын істердің барысын баяндады.
- Қазақстан Республикасы Бас прокуротурасының әзірлеген “Балаларды бірге қорғайық!” жобасының Жол картасын жүзеге асыру аясында Жамбыл облысы прокурорының орынбасары А.Майлыбаевтың 16 қаңтар 2017 жылғы хатына және жобаның 1.8 тармағына сәйкес ауданда құқық қорғау органдары атқарушы орган өкілдерімен бірлескен жұмыс тобын құру, іс-шаралар жоспарын әзірлеу, атқару жобаның басты талабы,- дей келіп, маңыздылығы басым тірлікте тиянақты жұмыс істеу керектігін де тілге тиек етті.
Жиын соңында Жоба аясында құрылатын жұмысшы топ құрамын бекіту туралы ұсыныс аудан әкімдігіне жолданды.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы