Жаһандық жаңғыру-білім мен біліктілік талабы
- Толығырақ
- Құрылды 14.02.2017 07:03
- Категория: Мақалалар
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік » атты дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауы қазіргі жаңа дәуір қарсаңындағы жасампаз істердің бастауы болып отыр. Игілікті істерге қол жеткізу үшін жаһандық бәсекеге қабілетті заманауи жаңа технологияны меңгерген, ұлттық экономикамыздың жаңа моделін құруға қабілетті, әлем қарқынына ілесе алатын, елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін жастарымыздың болуы керектігін баса айтып жеткізді.
Еліміз Тәуелсіздігіміздің 25 жылында даму кезеңінен абыроймен өтіп, тарихи толайым табыстарға ие болды. Енді біз, Жолдауда айтылғандай, жаңғырудың үшінші кезеңіне өтуіміз қажет және ол үшін алға қойған міндеттер нақты көрсетіліп жазылған. Әрбір қадамымыз «Қазақстан-2050»Стратегиясы көздеген мақсаттарды жүзеге асыру мен Ұлт Жоспары - «100 нақты қадамды» басшылыққа ала отырып, келер ұрпаққа сәтті қадам жасауға басшылық ету болып табылады. Бұл міндеттер бес басымдық бойынша жүзеге асырылмақ. Осы бес басымдықтың төртінші басымдығында адами капитал сапасын жақсарту, білім жүйесін өзгерту туралы нақты айтылған, осы басымдықты мақсат еткен біздің оқу орнымызда үздіксіз сапалы еңбек етіп келеді.
Қоғам дамуының негізі-білім мен біліктілік екені даусыз. Білімді елдің аспаны ашық, көкжиегі кең болмақ дейді дана халқымыз, сондықтан да білім мен біліктілікке жас мамандарды оқытып, тәрбие беру біздің басты ұстанымымыз деп білеміз.
Баян Жилбаева,
директордың оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы