Құқығынды қорғай біл
- Толығырақ
- Құрылды 01.03.2017 06:01
- Категория: Мақалалар
Биылғы жылы бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру шеңберінде құқықтық мемлекет құру негізгі бағыттардың бірі болып табылатындықтан Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы “Прокурордың 100 кеңесі” мобильді қосымшасын әзірлеген болатын.
Жинақтың негізгі тармақтары мен тапсырмаларын халық арасында кеңінен таратып, насихаттау және ақпараттандыру жұмыстары Қазақстан Республикасының барлық облыстарында жүргізілуде.
Осыған орай, аудан әкімі Болат Рысмендиев пен аудан прокуроры Ильяс Тойшыбеков, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Азамат Айхымбеков бастаған бөлім басшылары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қызыләуіт ауылында болып, азаматтарға құқықтық кеңес беру мен күнделікті өмірде жиі туындайтын сұрақтарға заң тұрғысынан жауап беру мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды.
Шара барысында кәсіпкерлер құқығын қорғау мен еңбек заңнамаларының сақталмауы, сондай-ақ, кәмелетке толмаған жас жеткіншектердің құқықтарын қорғау төңірегіндегі нақты фактілер сөз етілді.
Аталмыш жинақтың маңызы мен қолжетімділігі жайында әңгімелеген Ильяс Прмаханұлы практикалық кеңестер жинағының бірқатар бөлімдері мен тармақтарына тоқталып, жиналған көпшілікке мобильді қосымшаның арнайы қағазшаларын үлестірді. Сондай-ақ, төралқа мүшелері тұрғындар арасында орын алған кішігірім дау - дамайларды ауыл аумағынан асырмай, ақсақалдар көмегімен бейбіт әрі әділетті шешуге шақырды.
Сонымен қатар, ауданның бас имамы Нұрсұлтан Әлиев дәстүрлі дініміздің қадір-қасиеті мен теріс ағымдардың зардабы мен қасіреті жайында әңгіме қозғады.
Жиын соңында төралқа мүшелері ауыл тұрғындарына алтын уақыттарын бөліп келгендері үшін алғыстарын айтты.
Ернар Әбдіразақ, Қызыләуіт ауылы.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы