Бірлескен отырыста есеп берді
- Толығырақ
- Құрылды 01.03.2017 06:03
- Категория: Мақалалар
"ТТ"-ақпарат"
“Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы мәжіліс залында партия жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы болып өтті.
Жиынға партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Қартабаев және комиссия мүшелері мен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.
Бірлескен отырыстың күн тәртібінде аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Шүрекеновтың “Мекемеде және құрылыс саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында 2016 жылдың қорытындысы мен 2017 жылдың қаңтар айы аралығында атқарған жұмыстары туралы” есебі тыңдалды.
Сонымен қатар, “Нұр Отан” партиясының саяси Доктринасын іске асыру мақсатында Ішкі партиялық тәртіпті нығайту, мүшелік жарналарды уақтылы төлеу және партия мүшелері арасында жеморлыққа қарсы төзімсіздік қасиетті қалыптастырудағы атқарылған жұмыстары туралы” аудандық аурухананың “Денсаулық” бастауыш партия ұйымының төрайымы Ұ.Аманжолова есеп берді.
Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты сауалдар қойылып, есебі тыңдалған мекемелердің бірқатар кемшіліктері жайлы айтылып, қаулы қабылданды.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы