Ғасыр-анаға құрмет
- Толығырақ
- Құрылды 14.03.2017 05:02
- Категория: Мақалалар
Индира Еркінқызы, "Талас тынысы"
Өткен жылдан бері елімізде Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурыз - Қазақстанға жер ауып келген өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына Алғыс айту күні деп белгіленген болатын.
Осы айтулы күні қаламыздағы кәріс ұлтының атынан Екатерина Цой мен “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Қартабаев 104 жастағы Әсия әжейдің шаңырағында болып қайтты.
Мереке қарсаңында келген қонақтарды әженің 70 жастан асқан келіні Қанымбүбі Әубәкірова қарсы алып, Ғасыр - Ананың өмір жолынан хабардар етті.
Қаламыздың қарт тұрғыны Әсия Құрманәлиева 1913 жылы дүниеге келген. Бүгінде ғасырдан аса ғұмыр кешкен Әсия әжей өзінен тараған екі ұлынан немере, шөбере мен немене сүйген бақытты ана.
Алғыс айтуға арнайы келген Е.Цой: “ Тағдырдың жазуымен Қазақстанға жер аударылған біздерді баласындай бауырына басып, шапаны мен шекпенін кигізіп, ас-суын ұсынып, осы қалге жеткізген Әсиядай көнекөз қариялардың арқасы. Қазіргі таңда қазақ жері құт мекенімізге айналды. Мен осындай елде тұрып жатқаныма ризамын. Қиыншылық кезде келіп, қазақ жерінен пана тапқан барша кәріс ұлтының атынан Әсия әжеге және барша қазақстандықтарға алғыс айтамын”,- дей келіп, Ғасыр-Әжеге ақ жаулық жауып, келіні Қанымбүбі апайға да ізі тілегін жеткізді.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы