Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Берекелі істің бастауы-бірлік

Еліміз Егемендік алғаннан бергі 25 жылда небір қиын кезеңдерден өтті. Тәуелсіздігіміз енді ғана орнап, зор ауыртпалықтарды бастан өткізіп, ел егемендігінің алмағайып жылдарында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Заман тыныштығын берсе, бұл дағдарыстан да шығармыз. Тәуелсіз Қазақстан дәулетіне сәулеті сай қуатты мемлекетке айналар. Елімізді, жерімізді, халқымызды бүкіл әлем таныр»,- деген көреген сөзі бүгін толықтай жүзеге асып отыр.


Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңді көз алдымыздан өткізер болсақ, онда Елбасы мен Тәуелсіздіктің ажырамас ұғым екендігі анық байқалады. Ол кезең мәңгі есте қалар айтулы оқиғаларға толы.
1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен алғашқы Президент сайлауы ел тарихындағы мемлекеттілігімізді баянды ету жолындағы ең шешуші қадам болды. Тәуелсіздік туралы Конституциялық Заңды қабылдау күллі қазақ елін шаттыққа бөлеген жан тебірентер сәт еді. Осы тарихи оқиғадан бастау алған Қазақстанның егемендігін бекемдейтін басқа да Заңдар қабылданып тарихи қадамдар, шет елдермен саяси қарым-қатынас жаңа тұрпатта жүргізіле бастады.
Бүгінде, Сарыарқаның төсіндегі алып Астанамыздың айналасы 20 жылға жетер жетпесте жоқтан бар болғандай, сәулетті де дәулетті алып шаһарға айналуы Елбасымыздың көрегендігінің, алысты болжаған болашаққа деген нық сенімінің нақты көрінісі.
Ел бірлігінің, Елбасыға деген сенімнің арқасы – Берекелі істің бастауы Бірлікте екенінің айқын көрінісі.
Елімізде өмір сүретін сан ұлт өкілдері мен діни ағымдардың тең дәрежеде өмір сүріп, дамуына жағдай жасалған. Елімізде тыныштық пен ынтымақтың, бірлік пен берекенің орнауына жағдай жасай отырып, қазақ халқының өз жерінде тілі мен дінінің, мәдениетінің өркендеуіне қол жеткіздік.
Ел экономикасының қарыштап дамуының айқын куәсі елімізде қаншама алып өндіріс орындары салынып, ел экономикасына еңбек етсе, мыңдаған мектептер мен емханалар, халық игілігіне берілді. Еліміздегі бірегей -біздің «Натрий цианидін» зауыты да осы жылдардың жемісі.
Тәуелсіздік жылдары халықтың әлеу­меттік дәрежесінің көтерілгені айқын. Медицина, білім, мәдениет салаларындағы жетістіктер орасан зор. Осының бәрі Егемендігіміздің арқасы. Еліміздегі сан ұлттың бірлігі мен ынтымағы Елбасының сындарлы саясатының арқасы. Бірлік – бар бақытымыздың бастауы.
Әрбір мемлекет өзін алға қарай дамыту үшін уақыт өте келе, мемлекетті басқару формасын өзгертіп отырады, оған тарих парақтарындағы дәлелдер куә. Сондықтан, Елбасының мемлекеттік басқару жүйесін үш билік тармақтарына бөлу туралы Үндеуін біз толықтай қолдаймыз. Еліміздің 25 жыл Тәуелсіздік кезеңінде мемлекетіміз тек тұрақты экономиканы дамытып, берік қоғам қалыптастырып қана қоймай, сондай-ақ, басқа мемлекеттерге үлгі тұтар эталон мемлекетке айналды. Осы күнге дейін қолданып келген мемлекеттік басқару формасы өзін-өзі ақтады. Қазақстан қадамын нық басып, алға қарай ұмтылып келеді.
Сондықтан, Елбасы өкілеттік бөлігін Парламент пен Үкіметке беруді тапсырды. Мұның барлығы тек мемлекеттік атқарушы органдардың қажетті өкілеттіктерімен қатар, жауапкершіліктерін арттыра түседі. Әсіресе, Үкімет пен Парламент маңызды заңдар, бағдарламалар мен заңнамалар қабылдаған кезде, өздерінің халық алдын­дағы үлкен жауапкершіліктерін сезінеді. Мұның барлығы халықпен келісіп жасалуы үшін, халықтың саяси өмірге араласуындағы рөлін арттыру үшін, басқару процестеріне араласып, қоғам маңызды шешімдер қабылдаған кезде бірлесіп жұмыс істеуі үшін жасалып жатыр. Осының бәрі «Ашық Үкімет» реформасы мен есепті мемлекетті қалыптастыру идеясына жатады. Елбасы айтқандай, биліктің барлық тармақтары тиімді әрі үлкен жауапкершілікпен жұмыс істеуі үшін олардың арасында баланс орнатылуы тиіс.
Жаңа Жолдауда Елбасы Н.Назарбаев кезекті төртінші өнеркәсіптік револю­ция­­ның басталуына орай, Қазақстанды үшінші жаңғырту кезеңінде өзекті міндеттер қойып отыр. Елбасы атап өткендей: бұл жаңғырту – қа­зіргі жаһандық сын-қатерлермен кү­рес жоспары емес, болашаққа «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақ­сат­тарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ал, оны тиімді іске асыру үшін бізде Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» бар.
Жолдау негізінде Үкіметке «Цифр­лық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Бұл – өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар.
Сондай-ақ, Жолдауда жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру тапсырылды. Бағдарлама тұрғын үй нарығын дамыта отырып, халықтың баспана мәселесін шешеді.
Тағы бір ескерер тұс, мемлекет пен жекенің серіктестігі нәтижесінде, нақты нәтиже болғанын Елбасы шегелеп айтты. Енді, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларды іске асыруда кәсіпкерлердің қызығушылығы мен белсенділігі артады деп ойлаймын. Мемлекетпен серіктесе атқарған жұмысқа тұтастай кепілдік берілді.
Жолдау елдің түбегейлі жаңғыруына, жаңа заман талабына сай әрекет етуге шақырады, осы жолмен дамуға зор мүмкіндік береді.
Міне, осының бәрін жүзеге асыру елдегі тыныштық пен ынтымақтың, бірліктің арқасында іске асатындығын ұмытпауға тиіспіз. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген қағида басты ұранымыз.

Б.Алдашов,
«Talas Investment Company» ЖШС-нің бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің бюро мүшесі.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер