Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Алыптың да анасы - әйел

Мадина Жарас, «Талас тынысы».
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудан әкімі Болат Қа­натбайұлы Рысмендиев аб­зал аналарды, қыр гү­лін­­дей құлпырған қыз-ке­ліншектерді қабылдап, ерек­ше ілтипат көрсетті. Мұндай құрметке ие бол­ғандардың қатарында көп балалы аналар, ақ жаулық­ты асыл әжелер, кәсібін дөң­гелетіп, шаруасын шал­қытқан іскер қыз-келін­шек­тер мен ұзақ жылдар қыз­мет­те болған ардагер аналар бар.


Мерекелік басқосуда ау­дан басшысы алдымен әл­диімен әлемді тербеткен ар­дақты аналарға алғысын жаудырып, ізгі тілектерін жеткізді.
- Дүниедегі барлық жақ­сылық - күннің нұры және ананың ақ сүтінен жаралған. Әлемдегі жақсылық атау­лы анадан бастау алатыны сияқ­ты жер-дүниенің жаса­нып, қайта түлейтін шағы көктем мезгілімен бірге келген шуақты мереке құт­ты болсын. Алыптың да, батырдың да, дананың да, да­раның да анасы әйел заты. Хал­қымыз жұмақ ананың таба­нының астында деп бекер айтпаса керек.
Құрметті аналар, аяулы әк­пе, қарындастар! Баршаңызды төл мерекеле­ріңізбен шын жүректен құттықтап, жанұя­ларыңызға береке-бірлік, бақыт тілеймін, - деген Болат Қанатбайұлы келесі кезекте аналардың лебізін тыңдады. Таластың тумасы, белгілі ақын Үміт Битенова аудан басшылығына, ел ағаларына әйелдер қауымы атынан алғысын білдіріп, өз шығар­машылығынан өлең оқыды.
Аудан басшысының қа­был­дауында мерекелік дас­тархан жайылып, барлық ақ жаулықты асыл аналарға, қыз-келіншектерге сый-сияпат жасалды.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер