Нақты істер шешімін табуда
- Толығырақ
- Құрылды 04.04.2017 04:35
- Категория: Мақалалар
Мұратқали Сарсенов,
№29 Қаратау сайлау округінен сайланған облыстық мәслихаттың депутаты.
Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Назарбаев еліміздің болашақ жолын нақтылайтын, өркениетке ұмытылған ұзақ мерзімді мақсаттар мен міндеттерді айқындайтын реформаларды халыққа әрдайым арнап келеді.
Президенттің сайлауалды тұғырнамасына айналған, кезең-кезеңімен орындалуы тиіс бес институттық реформа, “Қазақстан-2050” стратегиясын жүзеге асыру - Қазақстан мемлекеттігін нығайта түсетін, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын басты құжат.
Еліміздің даму жолы осы реформалар аясында жүзеге асатын 100-нақты қадаммен байланыстырылып отыр. Алдағы бес жылда «Нұр Отан» партиясы көш басшылығының миссиясы үш басты ұғымға құрылады. Ол: Бірлік, Тұрақтылық, Жасампаздық. Біздің осы межелерге жаңарған ел болып бірге жету және мақсатымыз “Мәңгілік елге” айналу.
Мерзім ішінде мәслихаттарда «Нұр Отан» партиясынан сайланған депутаттық фракциясы құрылғалы бері әлеуметтік-экономикалық салада қабылданған бағдарламаларды орындауға елеулі үлес қосудамыз.
Атқарылған толымды істердің қатарында «Нұр Отан» партиясынан мәслихатқа депутат болып сайланғандардың қоғамдық қабылдауын ұйымдастыруды алдымен айтуға тұрарлық.
Қоғамдық қабылдау бөлмесі-жаңа жұмыс жасау әдісі болып табылады.Ол қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ілгерілету, партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыруға атсалысу, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың тиімді орындалуын, азаматтардың өтініш-тілектерімен, көтерген мәселелеріне жіті қарап, шешімін табуға ықпал ету болып табылады.
Мәселен, өткен жылдың сәуір айында №29 Қаратау сайлау округі сайлаушылары мен кездесу жиынында сайлауалды тұғырнамамды және қоғамдық қабылдау бөлмесін ашу жөнінде ұсынысымды жасадым.Қазіргі уақытта қала тұрғындарының айтқан мына ұсыныстары: қала инфрақұрылымын дамытуға үлес қосу, ауыз су, кәріз су, шеткі көшелерге газ құбырын жеткізу және көше жарықтарын, электр желілерін тартуға ықпал ету, сонымен қатар, қала тазалығын сақтау.Қала көшелерін ауыз су, кәріз су құбырларын ауыстырғаннан кейін қайта асфальттауды шұғыл түрде қолға алу жөніндегі сайлаушылар пікірлері назарға алынды. Соның нәтижесінде, берілген тапсырмаларға жауапты адамдар бекітіліп, орындалу мерзімі көрсетілді.
Алғашқы кездесу жиналысының шешімі бойынша қаланың кәріз су жүйелерін оңтайландыру және жол жөндеудің қалыпты жұмыс істеуін қадағалау, тұрғындардан түскен арыз шағымдарға сергек қарау, кездескен ақауларды дер кезінде орындау үшін тиісті мекемелерді ұйымдастыру қала әкіміне жүктеліп, бұл мәселелер бойынша көшелерді ағымдағы жөндеуден өткізудегі мерзімі нақтыланды.
Бұл жұмыстар мерзімінен бұрын орындалды.
Амангелді, Арыстанбаб көшелеріне 1,5 шақырымға электр желісін ТАЭЖ өз күшімен тартуға дайын. Тиісті көмек көрсетілді.ТАЭЖ мекемесі жұмысты аяқтауға жақын.
«Флора», «Стройтель» саяжайларына тартылған электр желілері ешқандай меншікке алынбаған, сол себепті, бұл желілерді аудан әкімдігі коммуналдық шаруашылық бөлімі меншіке алуы керек. Құжаттары дайындалып, әділет басқармасына жіберілді.
Қаланың шеткі көшелерін газдандыруға (Подхоз, Сағырбаев, Репин, Геолог, Флора, Жартас) – 270 млн. теңге қарастырылып, 2015 жылы 90 млн. теңгесі игерілген.
Амангелді көшесіндегі 4 үйге газ тарту мәселесі толық шешімін тапты. Амангелді көшесінің тұрғындары «Күміс алқа» иегерлері Р.Нышамбаева, Қ.Баймурзина, Ү.Сейхымбаева және 78 жастағы Ж.Жоламанованың үйлеріне газ кіргізілді.
Қаладағы тұрмыс қалдықтарын жинау, қоқыс шығару және жеке тұрғындармен келісім - шартқа отыру мәселелері бойынша жұмыс жүргізіліп, қажетіне қарай қоқыс жәшіктері жаңадан ауыстырылды.
Қаланың Тамды әулие бұлағы, Молдағұлова көшелерін, ДЭУ мекемесінің теріскейіндегі көше мен Подхоздың көшесіне қиыршық тас төсеп, тегістеу – «Шолақтау» ТКӨК –нің өндіріс басшысына жүктелді.
Сонымен қатар, тұрғындардың және заңды тұлғалардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, тиісті жауаптар берілді.
Атап айтқанда: Қаратау қаласының тұрғыны Н.Сычеваның қалада қоғамдық көлік қашан жүреді деген сұрағы бойынша мәселелер толық шешім таппай отыр. Осы мәселені аудандық мәслихаттың депутаты Қ.Омаров аудандық мәслихатының сессиясында көтерген еді. Аталмыш мәселе аудан әкімдігі тарапынан қолдау тауып, биылғы жылға қаржы қарастырылуда.
Қаладағы Карл Маркс мектебінің директоры Ә.Әбдіразақованың К.Маркс мектебін күрделі жөндеуге байланысты ұсынысы қолдау тауып, мектеп күрделі жөндеуден өткізілді. Қоғамдық қабылдауда болған бір топ спортшылардың өтініштері бойынша, орталық стадион мен спорт базасының жанынан құны 600 мың теңге тұратын екі терең құбырлы құдық қазып берілді.
№2-ші көше комитетінің төрағасы А.Байділдаевтың сұранысы бойынша қаладағы темір жолдың шығыс жағындағы елеусіз қалған ескі көмір базасының жері тегістеліп, балалар ойнайтын шағын стадион жасауға дайындалды. Сол сияқты, қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтінішпен келген 3 азамат жұмысқа орналастырылды. Бір сайлаушыға «Көктал» емдеу- сауықтыру кешеніне жолдама берілді.Қала тұрғыны, 96 жастағы еңбек ардагері Авилова Ксения Архиповнаның өтініші бойынша жарамсыз болып қалған электр бағанасымен, тозған электр сымы ауыстырылып берілді.
Жалпы, қоғамдық қабылдау бөлмесіне 31 арыз-шағым, өтініштер мен ұсыныстар түсті. Оның 29-ы шешімін тапты.
2 мәселе (шеткі көшелерге газ тарту, саяжайларды коммуналдық меншікке алу) атқарушы органдарға жіберілді.
№29 Қаратау сайлау округінен сайланған Жамбыл облыстық мәслихат депутатының қоғамдық қабылдау бөлмесі өткен мерзім ішіндегі атқарған жұмыстарды тұрақты түрде жариялы жүргізіп келеді. Осы уақытқа дейін баспасөзде 11 мақала жарияланды. Оның 9-ы қазақ тілінде 2-і орыс тілінде.
Депутат қашан да халықтың қызыметшісі. Сайлаушылар аманатын арқалаған мандат иесі уәде үдесінен шығуға ұмтылады. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің баспасөзбен тығыз байланысты жариялы жүргізудің арқасында халық үнемі депутаттардың жұмыстарынан хабардар. Оның нақты айғағы Қаратау қаласында көшелер қашан, қай күні жөнделетінін біледі. бұл жөнінде «Талас тынысы» газетінде тұрақты жарияланып тұрды.
Осындай жүйелі түрде бақылау мен талапшылдықтың арқасында 22-көше ағымдағы жөндеуден өтті.
Көшелер күзгі жауын - шашынға жетпей дер кезінде сапалы жөнделді. Облыс әкімі «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы К.Н.Көкірекбаевтың атына жазылған депутаттық сауал түрткі болды. Асфальттау мәселесі 3 рет облыстың партиялық бақылау комиссиясының отырысында қаралып, нақты шешімдер қабылданды.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы