Тұрақты баға тұрғындарға тиімді
- Толығырақ
- Құрылды 04.04.2017 05:01
- Категория: Мақалалар
Нарбол Қашаған, "Талас тынысы"
Халық көп тұтынатын азық-түлік тауарларының сапасымен ондағы баға тұрақтылығын білу мақсатында облыс әкімінің орынбасары Абдалы Нұралиев, облыс әкімдігі ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Аманов, «Тараз сауда-саттық компаниясы» ЖШС-нің директоры Саха Манатов, облыс әкімі аппараты агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бөлімінің басшысы Дулат Оспанов жұмыс сапарымен аудан орталығында болды.
Негізінен, тұрғындар көбірек бас сұғатын «Аида» (кәсіпкер М.Нарбек) «Луиза-1», «Луиза-2» (кәсіпкер К.Байтыкова) дүкендерін аралаған арнайы топ сөрелердегі бағалармен танысып, меншік иелерімен тілдесті.
Сапар барысында Абдалы Нұралиев кәсіпкерлерге қорда азық-түліктің бар екендігін және оны пайдалану қажеттігін жеткізді.
Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров өз кезегінде тасымал мәселесі шешілмей, тауар бағасы төмендемейтіндігін алға тартты.
Көкөніс өнімдерінің бағасы қалтаға салмақ болып тұрғаны жасырын емес. Картоптың келісі 140 теңгеден басталса, пияз 80 теңдеден саудаланып жатыр. Оның себебін білгенде тағы да алдымыздан тасымал мәселесі шықты.
Мұнан соң топ өкілдері жанар-жағармай бекетіне бағыт бұрды. Ондағы дизель отыны құнының төмендігін көріп ризашылықтарын білдірді.
Сапар соңында облыс әкімінің орынбасары аудандық штаб мүшелеріне туындаған мәселелердің жолын қарастырып, бағаның тұрақтылығын сақтау қажеттігін ескертті.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы